Елімізде бүгіннен бастап айыппұл төмендеді
Бүгіннен бастап жол ережесінің жаңа тәртібі қолданысқа енді. Яғни, әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне бірқатар түзету енгізілген. Айталық, жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншіге жол бермеу, көлігін сақтандырмау секілді заңбұзушылықтарға қатысты айыппұлдар көлемі біршама қысқартылған. Сондай-ақ, жүргізушілерге айыппұлдарын төлеу жолдары да мейлінше жеңілдетіліпті.
09.01.2018
-Жол қозғалысы ережесіндегі осы өзгерістерді зерделеп көрген тілшіміз Ербол Тұрымбет студияда. Ербол, заң жүргізушілерге жұмсақтық танытқан сияқты ғой?
Заң азаматтарға қызмет етуі тиіс қой. Сондықтан, жүргізушілердің де қалтасын ойлау керек шығар. Осы орайда Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіндегі 40 бірдей ереженің айыппұл көлемі азайтылған. Бұл өзгерістер көлік айдаған адамның қай-қайсысы да кездесетін сақтандыру, жол қозғалысы ережесін бұзу немесе қайтара бұзу жағдайларының бәріне қатысты. Төмендетілген айыппұл мөлшерінің ең көлемдісі мүгедектер орнына тұрып алатындарға қатысты. Әдетте мұндай әрекеттер үшін полицейлер қатты жазалайтын. Енді оның ақысы 50-ден 10 АЕК, немесе 113 450 теңгеден 24 050 теңгеге бір-ақ төмендетілген. Жаяулар жолағына қатысты тәртіптің ақысы да екі есеге азайған. Жүргіншілерге жол бермеу жағдайларында жүргізушілер полицияның қолына түссе бұрынғыдай 20 емес, 10 АЕК-ке жегіледі.
-Жолда жылдамдығын тиісті межеден арттырып жібергендерге де жаза бұрынғыдай емес. Оның ақысын да бір жарым, екі есеге дейін азайтып жіберген.
Мәселен, жүріс жылдамдығы рұқсат етілген деңгейден сағатына 10-20 шақырым аралығында асып кетске, жүргізуші 10 емес, 5 АЕК көлемінде төлейді. Сағатына 20-40 шақырым аралығында 10 АЕК, сағатына 40 шақырымнан да асып кетсе, 20 АЕК-ке тең айыппұл төлейді.
Бұл Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген түзетулердің ең негізгілері. Осы айыппұлдарды төлеу мәселесінде де бірнеше мүмкіндік ұсынылып отыр. Яғни, ақша санап, пошта жағалаудың қажеті жоқ.
Үкіметтің «egov» порталы бұрынғысынша қызмет етіп тұр. Оған әрбір жүргізуші тіркеліп, сосын жеке иденцификалық коды мен құпиясөзін енгізіп, кәдуілгі сайт қолданушысы ретінде тиісті ақысын онлайн төлей алады. Сонымен бірге, төлемнің мобильді қосымшалары да қарастырылған. Осы кодекстегі түзетулерге қатысты кез келген сұрақтар бойынша әрбір адам мына телефондарға хабарласып, керекті ақпаратын біле алады.
Жалпы, осы айыппұл төлемдерінің барлығында да түбіктер алу қажет емес. Яғни, әкімшілік полиция органдарында ешкім оны сұрамайды. Барлығы электронды түрде базаға тіркеліп тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!