{metadescription}
Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады
Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

Астанада Қуандық Бишімбаевтан жауап алу жалғасып жатыр. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі бүгін сотта өзіне жемқорлыққа қарсы Бюроның  қысым көрсеткенін айтты. Тіпті қылмысты мойындатпақ болған тергеушілердің атын атап түсін түстеді.

-Бүгінгі процесте Қуандық Бишімбаев прокурорлар мен басқа да күдіктілердің адвокаттарының сұрақтарына  жауап беріп,тергеу кезіндегі заңсыздықтарды жіпке тізіп берді.

Мәселен экс-министр қамауға алынған алғашқы айда өзіне Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның  басшыларының бірінен қысым көрсеткенін айтты. Айтуынша, ұсталған бойда оны жеке кабинетке апарып, қорқытып, кінәсін мойындатпақ болған. Қазір Бишімбаевтың сөзін тыңдап көрейік.

-Да, меня приглашали на встречи без адвокатов к Олесе Кексель. Это было в присутствии моих адвокатов. Они могут подтвердить. Заходим Дамир Бахытов и говорит: Олеся Кексель хочет с вами поговорить, один на один. И вот на таких встречах говорится: если вы не признаетесьвам дадут по максимуму. Признайтесь! Признайтесь!

Бұдан соң, тергеушілерді Бишімбаев алған парасына салды деген коттедж көбірек қызықтырды. Яғни, ондағы саунаға экс-министрдің кімдермен барғаны және үйдің қалай қалай салынғаны сұралды. Бірақ, бұған Бишімбаев жөнді жауап берген жоқ. Тіпті, екі қабатты зәулім сарайға қатысы жоғын айтып, онда тек моншаға түсуге барғанын айтып ашуланып кетті. Кейін өзінің заңсыз қамауға алығанын алға тартты.

-Меня задерживают на оснований показаний Анарбай, Сапарымбетова и Айтимбетова. Людей, которых я никогда не видел и не имел разговора. Которые что-то сообщают, а ничего не могу сказать. Единственный человек, который может что-то сказать, он говорит, что я не причастен, а меня закрывают в ИВС.

-Досжан, бүгін Бишімбаевтан жауап алу сәтінде оның тым ашулы болғанын айттыңыз? Экс-министрдің қытығына тиген қандай сұрақ?

Иә, өйткені басты айыпталушының тәртібі нашар екен. Мәселен, алғашқы қамауға алынған сәтінде тергеу изоляторында темекі шеккен. Бұл жайында түрме қызметкерлері шағым жазған. Тіпті Бишімбаев басқа күдіктілермен бір көлікке отырудан бас тартыпты. Бірақ ол мұнысын машинаға екі есе адамның көп тиелгенімен түсіндірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде