{metadescription}
Алматы облысында 600 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін
Алматы облысында 600 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Алматы облысында 600 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Шенеуніктер 12 жыл бұрын сатылып кеткен жерлерді заңсыз деп, кері қайтармақшы. Бұны естіген тұрғындардан маза кетті. Бар жиғанын жер алып, үй салуға жұмсағандар енді далада қаламыз ба деп қорқып отыр.

Жаңа жыл Алматы маңындағы Қуат ауылының тұрғындары үшін жағымсыз жаңалықтан басталды. Ақ жағалылар бұл жерде он жылдан астам тұрып жатқан халықты сотқа беріпті. Жұрттың баспана тұрғызған жерлерін тартып алмақшы.

Ирина Калинюк, Қуат ауылының тұрғыны:

-Біз бұл жерге қыруар қаржы жұмсадық. Барлық құжатымыз түгел. Заңды түрде.  Енді мемлекеттік мөрі бар келісімшартымызды мемлекеттік мекемелер жоққа шығармақшы. Не істерімізді де білмейміз. Егер сот бәрі заңсыз жеп тапса біз далада қаламыз.

Құжаттарын құшақтап зыр жүгіріп жүрген халықты сабырға шақыру үшін ауылға шенеуніктер мен тәртіп сақшылары жетті. Бірақ аудандық прокуратура өкілі бастаған топ әліптің артын бағыңдар дегеннен арыға бара алмады. Бұл тұрғындарды одан сайын ашуландырды.

Нәзия Өтелбаева, Қуат ауылының тұрғыны:

-Сіздерден ешкім үйді, жерді тартып алмайды деп жатыр. Егер сол рас болса онда құдайыма құдай. Ал егер дұрыс болмай біз сеніп үндемей отырсақ, келіп үйімізді бұзып тартып алса біз не істеуіміз керек?

Бұл аумаққа үй салуға болмайтынын жер басқармасының мамандары араға аттай он жыл салып анықтапты. Учаскілердің иелерін сотқа беріп жатқан да солар. Айтуларынша, Іле ауданының әкімдігі 2005 жылы 63 гектар жерді заңсыз бір серіктестікке бөліп берген. Ал олар өз кезегінде әр-бір алты сотық жерді 15 мың доллардан қарапайып халыққа сатқан. Сөйтіп 1,5 миллион доллар пайдаға кенеледі. Енді арада 12 жыл өткенде біздің қырағы тексерушілер жерден жеті қоян тапқандай болып отыр екен.

Асылхан Байшоранов, Алматы облыстық жер ресурстарын бақылау басқармасының бөлім басшысы:

-Басқарма тарапынан құжаттар жинақталып жер кодексінің 14/1 бабының 4-тармақшасына сәйкес сотқа талап-арыз берілді. Яғни «Іле Басы» ЖШС берілген 63 гектар жер учаскесінің қаулысын заңсыз деп тауып, және оның күшін жою туралы.

Жер басқармасы телімдерді қайтаруға шындап кіріскен сыңайлы. Халықтың қорқып отырғаны да осы. Олар енді әкім қаралардың сөзіне сеніп қол қусырып қарап отырмай, қорғаушы жалдап, адал ақшаға алған жерлерін өз беттерінше қорғауға кірісті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде