{metadescription}
Семейде Ертіс өзенінің жағасы құрылыс қалдықтарына толып жатыр
Семейде Ертіс өзенінің жағасы құрылыс қалдықтарына толып жатыр

Семейде Ертіс өзенінің жағасы құрылыс қалдықтарына толып жатыр

Темір қосылып құйылған бетондар қазір судың ішіне де түсе бастаған. Енді мұны көрген жұрт жаз күндері адам шомылуға аса қауіпті деп отыр. Себебі, көктемгі тасқын түгелін терең аймаққа ағызып кетсе, ондағы арматураларға адам қадалып қалуы мүмкін екен. Ал жергілікті биліктегілер мұндай қадамға амалдың жоқтығынан барғандарын айтып ақталды.

Жұрттың түсірген бейнежазбасында бірінен кейін бірі келген КамАЗ-дардың  құрылыс қалдықтарын өзенге төгіп жатқанын анық көруге болады. Сондықтан тұрғындар енді экологиялық апаттың да ауылы алыс емес деп отыр. Жүк көліктері жолдан қырылған асфальт қалдықтарын да осында төккен екен. Ал, оның құрамына улы заттар кіретіндіктен, судағы жәндіктерге де қауіп төнуі ықтимал. Сонымен қатар, қарашаны өзеннің ішіне құлаған арматуралар да алаңдатуда.

Дмитрий Беляев, Семей қаласының тұрғыны:

-Бұл өзен  жағасын бекіту үшін ойлап тапқан ешкімде жоқ амалдары шығар. Бірақ  масқара ғой. Суға түскен кезде темірге бала-шаға ілініп қалса қайтеді? Тұншығып өледі ғой. Ал мұның бәрін тасқын шайып әкететіні сөзсіз.

Тіпті, жүк көліктері Ертіс жағасына құрылыс қалдықтарын әлі күнге дейін тасып әлек. Оның ішіндегі ауыр бетондарды көтеру үшін кранды да арнайы жеткізіп қойған. Ал оларға бұл рұқсатты жергілікті билік беріпті. Себебі, атқамінерлер керексіз заттармен көктемгі тасқынға бөгет жасауға бел буған.

Марат Аленов, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Бөгет қойылатын жерде құрылыс ережесі сақталуы керектігіне келісеміз. Бірақ біз арматура қосылып құйылған, бетондарды жеткізіп жатырмыз. Оны жағаға бөгет ретінде пайдаланамыз. Өйткені заман талабына сай жоба әзірлеп, көктемгі тасқынға дұрыс бөгет қоятындай қаражат дәл қазір қолымызда жоқ.

Мамандар мұндай қадамға, амалсыз барғандарын айтып ақталды. Олардың мәлімдеуінше, Ертіс жыл өткен сайын жағаны шайып, үйлерге қауіп төндіре бастаған. Ең сорақысы, ол бүтін бір шаһарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су сорабын басуға тым жақын қалған. Сондықтан шенеуніктер дүрліккен жұртты сабыр сақтауға шақырып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.