Қытайлық жүк көлігі қырып кете жаздады
Аспан асты елінде шығарлыған Хова бағдаршамда тұрған сегіз көлікті соғып кеткен. Болжам бойынша, ауыр техниканың тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.01.2018
Бүгін күндізгі сағат 11-лер шамасында Шымкенттің қақ ортасындағы Бәйдібек және Арғынбеков көшелерінің қиылысында жол апаты болған. «Хово» жүк машинасы бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған жеңіл машиналарды бірінен соң бірін соғып өтіп, адамдарды ажал құштыра жаздаған. Ал «Daewoo Gentra» -ны сүйреткен бойда бейнекамера орнатылған бағанаға апарып бүктеп тастаған. Құдай сақтап, жүргізушісі тірі қалды. Басы жарылған ол ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Жалпы, бұл оқиғадан зақымдалған сегіз көліктің екеуі түкке жарамсыз болып қалды. Енді «Хованың» жүргізушісі олардың шығындарын өтеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!