{metadescription}
Алматы облысының тұрғындары жедел жәрдемнің жайбасарлығына ашулы
Алматы облысының тұрғындары жедел жәрдемнің жайбасарлығына ашулы

Алматы облысының тұрғындары жедел жәрдемнің жайбасарлығына ашулы

Айтуларынша, Қарасай аудандық ауруханасының қызметкерлері өмір мен өлім арасында жатқан науқастарды сағаттап күттіріп қоятын көрінеді. Мұны бірде бензин тапшылығымен түсіндірсе, бірде көлік жетіспеушілігін себеп қылады екен. Сөйтсек, ауруханада расымен тиісті 26 жедел жәрдем көлігінің орнына 14-і ғана бар болып шықты. Тіпті, оның кейбірі бұзылып тұр.

Дүкеннен сатып алынған жарты келі мандаринді жеген бүтін бір отбасы қырылып қала жаздады. Қытайлық жемістің кесірінен Роза Тәжиеваның өзі де, 2 қызы мен күйеуі де ауырыпты. Әсіресе, 11-12 жастағы жасөспірімдер аяққа тұра алмай, әбден қиналған.

Роза Тәжиева, Қаскелең қаласының тұрғыны:

- Қызымның қасына барсам тілі ісіп кеткен. Қимылдай алмайды. Аяғын баса алмайды .

Сөйтіп, бірден жедел жәрдем шақырған. Бірақ, 2 сағаттай күтіп, амалсыз сырқаттанған қызын ауруханаға таксимен апаруға мәжбүр болыпты. Мұндағылар бар көлікті жібермеді дейді әйел. Тіпті, мекеменің қажетті құрал-жабдықпен қамтылмағанына ашулы. Мәселен, кеше науқасты таситын зембіл болмай, фельдшерлер оны әрі-бері қолымен көтеріп жүріпті.

Роза Тәжиева, Қаскелең қаласының тұрғыны:

- Біз таксимен алып келдік үлкен қызымды.  Есік алдында 8 жедел жәрдем көлігі тұр. Соның біреуін жібере алмады менің қызыма көмектесуге. Қолымен көтеріп алып бара жатыр баламды, фельдшер. Есіктердің бәрі былай ашық. Мен басын қорғап жатырмын баланың.

Екінші қызын да ауруханаға әуре-сарсаңмен жеткізген. Мұндай жағдай Қарасай ауданының тұрғындарына бұрыннан таныс екен. Сағаттап кешігуін 103 қызметкерлері бірде бензин тапшылығымен түсіндірсе, бірде көлік жетіспеушілігін себеп қылады. Маманның аздығы тағы бар.

Аурухана басшылығы болса, құрал-жабдық та, маман да жеткілікті деп отыр. Ал, шұғыл медициналық көмек машинасының аз екенін мойындады.

- Бұл ауруханада жалпы саны 14 жедел жәрдем көлігі бар. Ал, оның біреуі міне көріп тұрғандарыңыздай істен шыққан. Демек, Қарасай ауданындағы жалпы саны 200 мыңнан аса тұрғынға дәл қазіргі сәтте 13 көлік қызмет көрсетуде.

Ербол Сәрсенбаев, Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры:

- Негізі 10 мың адамға бір жедел жәрдем бригадасы болуы керек. Бізге, әрине, тағы да көліктер керек. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешуге тырысамыз.

Негізі есеп бойынша, бұл ауданда 26 жедел жәрдем бригадасы болуы тиіс. Айта кетсек, мұндағылар көмекке жүгінген науқастарды 4 категорияға бөледі. Сөйтіп, жағдайы жеңілдеуін емханаға жібереді. Кешегі жағдай осы тәртіптің салдарынан туындапты-мыс. Қазір оған кінәлілер жазаланған. Ақ халаттылар енді мұндай жағдай қайталанбайды деп сендірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде