Ақтөбеде атылып өлген полицейге қатысты тың мәліметтер шықты
Ақтөбе қалалық әкімдігінің аумағында арнайы күзетшінің мәйіті табылды. 35-ке ертең толуы тиіс Байбек Қарымсақов табельдік қаруымен өз-өзін атып өлтірген. Оның басшылары осындай мәлімдеме жасап отыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
09.01.2018
Оқиға кеше кешкісін сағат алтылар шамасында болған. Мына кадрларды сол маңнан өтіп бара жатан куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Марқұм ғимаратты жалғыз өзі күзеткен екен. Оның мәйітін кімнің анықтап, полицияға кімнің хабарлағаны белгісіз. Ертең туған күнін тойлауы тиіс еңгезердей жігітті бұл қадамға не итергені де әзірге жұмбақ күйі қалып отыр. Ол ішкі істер органдарында он жылдан астам жұмыс істеп, кіші лейтенант шені қызметінде болған. Марқұмның артында 10 және 5 жасар екі баласы қалды. Күзет басшылығы отбасына материалдық көмек көрсетеміз деп отыр.
Руслан Маханов, арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары:
- Қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды . Ар жағын қызметтік тексеру барысында көреміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!