{metadescription}
Назарбаев зейнетақы мен мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты
Назарбаев зейнетақы мен мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты

Назарбаев зейнетақы мен мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты

Сонымен бүгінгі күннің ең басты жаңалығы Сол жағалаудан жетті. Бір сағат бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев күтпеген жерден  Халыққа кезекті жолдауын жариялап жіберді.  Бұл жолы да, Елбасы Ақордада отырып, жолдаудың  ең маңызды тұстарын республикалық телеарналар арқылы айтып берді.  Назарбаев   жеті минуттың ішінде Үкіметке басты 10 міндет бойынша жұмыс істеуді тапсырып, әлеуметтік салаға триллиондап ақша бөлінетінін мәлімдеді.  Әсіресе, зейнетақы  мен мұғалімдердің жалақысы еселеп өсетінін айтты. Басты құжатта басқа не айтылды?

Ақорда  Елбасының  эфирге шығатынын бүгінге дейін құпия ұстап келді. Тек түске таяу президенттің баспасөз қызметі  кешке Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәлімдеме жасайды деп, жұмбақ хабар таратты. Кейін Мемлекет басшысының жылдағы халыққа Жолдауына қатысты сөз сөйлетінін белгілі болды.

Сонымен, Президент  7  минутқа жуық  уақыттың ішінде биылғы Жолдаудың басты  міндеттерін атап, Үкіметке бағыт-бағдар көрсетті. Алдымен Елбасының әлеуметтік төлемдер мен жалақының көлеміне  қатысты айтқанын тыңдап көрсек.  Биыл базалық зейнетақы 2 пайызға жуық көтеріледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В текущем году расходы бюджета на социальную сферу увеличены на 12% и превысят 4 триллиона тенге. Базовая пенсия увеличится в среднем в 1,8 раза с учётом стажа работы. Должностные оклады учителей, перешедших на обучение в рамках обновленного содержания учебных программ, вырастут от 30 до 50%, в зависимости от подтвержденной квалификации

Сондай-ақ, президент Үкіметке  жаңадан салынатын тұрғын үйдің  санын  тағы арттыруды тапсырды. Ол үшін еліміз баспана құрылысының  жаңа әдістерін меңгеруі қажет.  Және  осы жылы өнеркәсіп, транспорт, логистиканы дамыту, жүк тасымалдау уақытын қысқарту сынды нақты жоспарлар тұр. Назарбаев екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін арттыру қажет деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

-Шестое. "Перезагрузка" финансового сектора. Меры по оздоровлению банковской системы должны сопровождаться усилением надзора и учитывать интересы простых граждан. Необходимо значительно поднять ответственность тех, кто владеет банками, и тех, кто управляет ими. Требуется расширить кредитование и обеспечить развитие фондового рынка.

Шенеуніктерге азаматтарға  берілетін несиенің көлемін арттыруды және қор нарығын дамытыңдар деді. Елбасының халыққа Жолдауының толық нұсқасын 10-қаңтар, яғни, ертең  мемлекеттік басылымдар жариялайды. Және Президент әзірлеген  жаңа бағдарлама Үкімет үшін басты стратегиялық құжатқа айналысуы тиіс.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде