{metadescription}
Елімізде ВИЧ дертіне шалдыққандар емделуден қысылады
Елімізде ВИЧ дертіне шалдыққандар емделуден қысылады

Елімізде ВИЧ дертіне шалдыққандар емделуден қысылады

Қазақстанда иммун тапшылығы вирусымен ауыратын 14 мыңдай адам бар. Бірақ олардың қатары жыл сайын екі жарым мың адамға артып барады. Олардың санын азайту немесе аурудың алдын алуға қарапайым адами факторлар кедергі болып отыр екен.  

Бақыт Түменова, «Аман-саулық» ҚҚ президенті: 

-Біз дәрілерді берген кезде емделушілердің өзі оны уақытылы қабылдап тұрмайды. Оның үстіне, дәрі-дәрмектерді тұтынушыларға тұрақты түрде жеткізу жағы да ақсап қалды. Тұрақтылық сақталмаған жерде вирусты жеңу де қиындап кетеді. Бүгінде осы мәселелерге мониторинг жасау қажеттілігі туындап отыр.

Сонымен қатар, осы ВИЧ-ке тап болған науқастардың қоғамда шеттетілуі де аурумен күресуге үлкен кедергі болып отыр. Өйткені, ұялу, қымсынудың кесірінен адамдар ауруын жасырып, емделмей қалады. Осы айтылған олқылықтармен күресудің жолы ретінде Қазақстан былтыр Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының декларациясына қол қойған. Сол арқылы 90-90-90 көрсеткішіне жетуді көздейді. Яғни, вируспен ауыратындардың 90 пайызы сырқатының қай деңгейде екенін біліп, тұрақты дәрі қабылдап отырады және дәрігерлердің бақылауында болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде