{metadescription}
Елімізде сұйытылған газдың бағасы қымбаттап жатыр
Елімізде сұйытылған газдың бағасы қымбаттап жатыр

Елімізде сұйытылған газдың бағасы қымбаттап жатыр

Өткен аптада ғана батыс өңірлерде сұйық отынның құны 5-6 теңгеге қымбаттап еді, енді оған өзге аймақтар да қосылған.  Еліміз бойынша ең қымбат газды қазір Орал мен Петропавлда екен. 

Бұған Энергетика министрлігінің газдың көтерме бағасын 13 пайызға өсіруі себеп. Енді тоннасы ресми түрде 34 мың емес, 38 мыңнан саудаланбақ. Бұған қосымша құн салығы мен тасымалдауға кететін шығын қосылады. Еліміз бойынша онсыз да ең кымбат газ тұтынатын қызылжарлықтар мен оралдықтар енді оның бір литрі үшін бұрынғыдан бес теңге артық төлейтін болды. Айта кетерлігі , бұл аймақта газбен жүретін көліктер аса көп болмаса да, бензин бағасының түрақсыздығынан  газ соңғы кездері кең сұранысқа ие. Жолаушылар автобусы мен жүк көліктері қазір шетінен көгілдір отынға ауысып жатыр.

Алексей Митронин, көлік жүргізушісі:

-Егер газ қымбаттаса, артынан өзге тауарлардың да құны артады деген сөз. Мысалы, мен алыс аудандарға азық- түлік тасимын. Жолға кеткен  шығынымды тасыған тауарыммен өтеймін. Бұл заңды да.  Көгілдір отынды өзіміз өндіреміз, ал бағасын ұстап тұра алмаймыз. Мен үшін бұл түсініксіз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде