{metadescription}
Ұшқыштың қателігінен әуе көлігі жолақтан шығып кеткен
Ұшқыштың қателігінен әуе көлігі жолақтан шығып кеткен

Ұшқыштың қателігінен әуе көлігі жолақтан шығып кеткен

Сарапшылар бір ай бұрын Алматы әуежайында болған оқыс жағдайдың себебін анықтады. 

Зерттеу қорытындысы бойынша, «Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі лайнердің жолақтан шығып кетуіне жылдамдықтың шамадан тыс болғаны себеп екен. Жүйткіп келе жатқан борт бұрыла алмай, жолақтан ауып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, тоғызыншы желтоқсанда Алматыдан Бангкокқа ұшуы тиіс ұлттық әуе компаниясының ұшағы  бұрылыс кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Әуе кемесінде жүзден астам жолаушы болған еді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, лайнердің өзін батпақтан арнайы техниканың көмегімен бес сағат дегенде әрең шығарды. Кейін оны жөндеуге жіберді. Ал жолдан кешіккен жолаушылар басқа ұшақпен Тайландқа жөнелтілді. Сол кезде әуе компаниясы бірден ұшақтың тежегіші істен шыққан жоқ деп мәдімдеген. Ал тізгінге ие бола алмай елді дүрліктірген ұшқышқа қандай жаза қарастырылғаны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.