Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тұрғын үйді көбірек салуға пәрмен берді
Сонымен қатар несиені оңды-солды тарататын коммерциялық банктерді сынап, қаржы нарығын шұғыл реттеуді тапсырды. Бүгін баспасөз беттерінде ғана жазбаша жарияланған стратегиялық құжат жер-жерде қызу талқылана бастады. Құжатта басқа да қандай ауқымды міндеттер бар?
Автор: Досжан Маратұлы
10.01.2018
-Бұл жайында астаналық тілшіміз Досжан Маратұлы тікелей эфирге қосылып, айтып беруге дайын. Сонымен, Елбасының жолдауы туралы толығырақ айтып берсең.
Иә, биылғы жолдау алдағы 12 айға жазылғын тұтас бір мемлекеттің бизнес жоспары секілді. Онда президент барлық саланы тегіс қамтып, қай министрліктің немен айналысуы керектігін тайға таңба басқанда көрсетіп берген. Елбасы 24-ші жолдауында Үкіметтің атқаруы тиіс негізгі 10 міндетін айқындап жазған. Бірінші кезекте: әлеуметтік салаға көбірек көңіл бөлінгелі жатыр. Тіпті, Қазақстанда шілде айынан бастап жаңа жәрдемақы пайда болады. Ол 1-ші топтағы мүгедекті бағып-қағып отырғандарға төленбек.
Әрі зейнетақы өсіп, мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер мен ұстаздардың жалақысы да еселеп көтерілмек. Миллиондаған тұрғынды елең еткізген жағымды жаңңалықты Президент кеше, үндеуін қысқаша түсіндіру сәтінде, өз аузымен айтқан болатын.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
-Это очень хорошее было увеличение доходов в прошлом году. Сейчас уже начали забывать, это было через год, год назад всего. Тенденция будет продолжена. В текущем году расходы бюджета на социальную сферу увеличены на 12% и превысит 4 триллиона тенге ставится новая задача – на каждого казахстанца увеличить площадь жилья больше, чем сейчас.
Президент жолдауында қаржы секторын реттеу міндеті қойылды.
Бұл тұрғыда Ұлттық банкке көп жұмыс артылып отыр. Яғни, банк тұрғындарға 2016 жылға дейін берілген ипотекалық несиелер жөнідегі мәселелерді шешуі тиіс. Өйткені, қаржы институттарынан оңды солды қарыз алған тұрғындардың көбі несиелерін жаба алмай қалған.
Әрі «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент. Тиімді мемлекеттік басқару, Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудағы негізгі басымдықтар. Әрі мемлекет басшысы заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдаланудың маңыздылығын да айтты. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек. Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану керек.
Жалпы, осы стратегиялық, экономикалық құжат бойынша Үкімет енді жыл бойы жұмыс істеуі тиіс. Қазір Елбасының жолдауымен министрлер облыс әкімдері мен жауапты шенеуніктер танысып, дереу іске кірісіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!