{metadescription}
Пхеньян мен Сеул тікелей келіссөздер өткізуде
Пхеньян мен Сеул тікелей келіссөздер өткізуде

Пхеньян мен Сеул тікелей келіссөздер өткізуде

Тараптар алдымен қысқы олимпиада мәселесін талқыламақ. Кездесу Панмунджом провинциасында өтіп жатыр. Бұл екі мемлекет шекарасындағы бейтарап аймақ.

Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын жаңажылдық құттықтауында спортшыларды Пхенчхандағы қысқы Ойындарға жіберуі мүмкін екенін айтқан. Ал Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин өз кезегінде әріптесінің бұл сөзін жылы қабыл алып, ақ олимпиада көршілермен қарым-қатынасты реттеудің бірден бір жолы екенін атап өтті. Социалисттік Корея атынан қысқы ойындарға әзірге тек екі спортшы қатыспақшы. Бірақ олар өтініш беру мерзімін өткізіп алғандықтан, енді тек Халықаралық олимпиада комитеті олардың атынан ұсыныс берсе ғана жарысқа жіберіледі. Осы ретте, Солтүстік Корея 1988 жылы Сеулда өткен Олимпиада ойындарына бойкот жариялағанын айта кетейік. Бұл тарихи кездесуде екі мемлекет арасындағы соғыс кесірінен бір-бірінен ажырап қалған отбасы мүшелерін табыстыру жағы да сөз болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде