Әлемдегі ең бай адамның қардысы еселеп артып, өз рекордын жаңартты
Amazon интернет дүкенінің негізін қалаушы Джефф Безостың қаражаты екі жылда 50 млрд -қа өсіп, 105 млрд долларды құрады. Бұл Монако мен Исландияның жылдық ішкі жалпы өнімі.
Автор: Аида Мағыпар
10.01.2018
Бұл Amazon компаниясы акциясының 6 жарым пайызға қымбаттауымен байланысты. Сөйтіп ол 1999 жылдан бері Форбстың тізіміндегі бірінші орынды бермей келе жатқан Microsoft -тың иесі Билл Гейтсті ығыстыруы мүмкін. Өйткені сарапшылар инфлянция әсер етпесе әрі байлығының бір бөлігін қайырымдылық шараларына аудармаса Гейтстің ақшасы 150 млрд доллар болар еді дейді. Форбстың көшбасшысы наурыз айында белгілі болмақ. Айта кету керек, Amazon компаниясы әлемдегі ең үлкен онлайн-ритейлер. 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Амазон.ком сайты арқылы кез-келген тауарды дүниенің кез -келген нүктесінен онлайн сатып алуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!