{metadescription}
Алматыда ұшақтың жолақтан шығуына қатысты дау қайта жалғасты
Алматыда ұшақтың жолақтан шығуына қатысты дау қайта жалғасты

Алматыда ұшақтың жолақтан шығуына қатысты дау қайта жалғасты

«Эйр Астана» Инвестиция және даму министрілігі жүргізген сараптама қорытындысымен келіспеді.

Олардың айтуынша, ұшақтың жолақтың шығып кетуіне экипаждың біліксіздігі емес, ұшып қону жолағындағы жағдай туралы жөнді ақпарат бермеген Алматы әуежайының қызметкері кінәлі екен.  Сондықтан тағы бір тексеріс жүргізуді талап етпек.

-"ИКАО Конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес, ұшу-қону жолағындағы мәселені зерттеу кезінде арнайы комиссияға, ереже бойынша оқыс жағдай болған елдің өкілдері, сондай-ақ ұшақ құрастырылған және тіркелген мемлекеттің мамандары қатысу керек. Бізде ол талаптар сақталмаған".

Ал Алматы әуежайының басшылығы ұлттық әуе тасымалдаушысы жала жабуын қойып, кешірім сұарамаса, сотқа бермекші. Білдей министрлік, халықаралық әуежай және ұлттық әуе тасымалдаушы арасындағы жанжалға лайнердің ұшу жолағынан шығып кетуі себеп. Оқиға тоғызыншы желтоқсанда болған. Алматыдан-Бангкокқа аттануы тиіс Бойнг жолақтан шығып кетіп, лайға батып қалған еді. Эйр-Астанаға тиесілі лайнерда жүзден аса адам болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ ұшақтың өзін батпақтан шығара алмай арнайы техника тартылып, мамандар 5 сағат арпалысқан. Кейін бұл оқиғаның ақ-қарасын анықтау үшін комиссия құрылды. Бір ай зерттеу жүргізген олар оқыс жағдайға экипаж мүшелері кінәлі деген тоқтамға келді. Яғни, ұшқыш жылдамдықты шамадан асырып, бұрылысқа сыймай жолақтан ауып кетті делінген.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде