{metadescription}
Астанада ақтүтек боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Астанада ақтүтек боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Астанада ақтүтек боранға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Өйткені қаһарлы қыс күшіне мініп бір күнде бас қаланың тіршілігін тоқтатып тастады. Назарбаев әуежайына дейін қазір уақытша жабық тұр. Дүлей желден ондаған тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Қалаға жақын маңдағы ауылдарда жарық өшіп, қоғамдық көліктің қозғалысы да тоқтап қалды. 

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындардың бірі  таңертеңнен ауруханаға, екіншісі жұмысына жете алмай, әбден әбігерге түсті.  Далада жаяу жүру мүлдем мүмкін емес. Қатты соққан жел алға бір қадам да бастырмайды, адамды кері итереді. Ал көшелерде ұзын-сонар көлік кептелісі. Сондықтан, сақшылар жүргізушілерге барынша жол ережесін сақтап, абай  болуға шақырады. Бір тәулікте 60-тан астам апат болды. Полицейлер Астанадан бір де бір машинаны сыртқа шығармай отыр. Ішкі істер министрі қажет болса, қосымша күш пайдалануға дайынбыз деді.

Қалмұханбет Қасымов, Ішкі істер министрі:

-Қазір Астанадан барлық бағытқа жол жабық, қаладан көліктің шығуына тыйым салынды. Ақмола, Қарағанды, Павлодар мен Қызылорда облыстарына да жол жабық. Трассаларды полицейлер  бақылап тұр. Сақшылар құтқарушылармен бірге адамдарға, жолды тазартуға көмектесіп жатыр.

Ал Астана әкімі боранға байланысты қалада төтенше жағдай жариялады. Сөйтіп, дәрігер, құтқарушы, сақшылардан өзге қызметтердің  барлығына жұмысты тоқтатуға кеңес берді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

-Мемлекеттік мекемелердің, қаладағы білім ошақтарының, базар, сауда ойын-сауық орындарының басшыларына және құрылыс жүріп жатқан нысандардың қожайындарына уақытша  жұмысты тоқтатуға  кеңес береміз. Тек полиция, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медециналық жәрдем мен аурухана, емханалар қызметін жалғастырады.

"Әкімнің үйден шықпаңдар" деп шырылдауына негіз бар. Елордада соққан желдің күштілігі соншалық, көпқабатты үйлердің шатыры құлап, ауладағы көліктерді басып қалды.Абырой болғанда, әзірге адам шығыны жоқ. Тек таңертең үлкендерсіз үйден мектепке шығып кеткен 8 жастағы бала жоғалып кеткен еді. Бірақ, оқушы көп ұзамай тұрғындардың көмегімен  табылды. 

-Ақтүтек боранға байланысты Астанадағы халықаралық  әуежай  да жабық. Бүгін ұшақтар көкке көтерілмеді. Рейстер кейінге қалдырылған.

Мектептерде сабақ тоқтатылды және жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері үшін де демалыс. Ал қалалық коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен. Мың жарымға жуық техника көшелерді қардан тазалап жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде