Алматылық 6 жасар балаға шұғыл түрде көмек керек
Ауыр сырқатқа душар болған Ерболат есімді бүлдіршінің миына су жиналып, басы шамадан тыс үлкейіп кеткен. Гидроцефалия дертін емдеуге отандық мамандар қауқарсыз. Ал үміттері үзілмеген ата-ана балаларын емдеуге келісімін берген клиниканы Германиядан тауыпты. Алайда ол жақта операция жасау үшін 30 мың еуро шамасында қаражат қажет. Мұндай қаржыны қалтасы көтермейтін отбасы жұртшылықтан көмек сұрауға мәжбүр.
Автор: Аида Мағыпар
11.01.2018
Сандарды рет ретімен жазып отырған Ерболат гидроцефалиямен туылып, әрі жұлынында да жарық бар екен. Туғалы дәрі-дәрмектен көз ашпаған бүлдіршінге екі рет ота жасалған. Өз бетінше жүріп-тұру, қатарластарынан қалмай мектепке бару әзірге арман. Тек ақырындап енбектеп қана жүре алады.
Рысбибі Басқараева , нағашы әжесі:
-Арманы орындала ма деп осылардың қасындамын. Ең болмаса, аяғымен жерді басып жүрсін.Осы қызымның арманы орындалып,осы ел қатарлы,жұрттын балалары сияқты жүріп кем болмаса екен.Соны армандаймын әйтеуір.
Ерболатты бұл дерттен емдеуге отандық мамандар қауқарсыз .Ал мұндай күрделі операция тек Израиль мен Германияда ғана жасалалды. Алайда баланы ол жаққа апатрып емдету үшін қомақты қаражат қажет.Жалғыз отағасының айлығы отбасының күнделікті шайлығы мен баланың дәрі дәрмегінен артылмайды. Сондықтан ұлдарының құлан таза айығып кетуін ғана тілеп отырған жандар жұрттан көмек сұрағаннан басқа амалдары жоқ.
Ажар Үскенбаева, Ерболат Ералының анасы:
-Бала жақсы болса соны емдеп жазып береміз дейді Германиядағылар.Ол үшін бізге 30мың 500 еуро керек.Ерболаттың аяғынан тұруына көмектессе екен.Көмектесетін адамдар болса жақсы болар еді.Енді шақырту келіп тұрған да Германияға барсақ соған Қазақстан халқы болсын ,мұсылмандар болсын иншаалла көмектессе.
Ерболаттың отыра бергеннен арқасы майысып, қабырғалары алдына қарай шығуда.Жедел түрде ота жасалмаса дерті бұдан да асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан бүлдіршінге демеу болам деушілер экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласа алады.
87078683742
87785594858
87769812136
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!