{metadescription}
Богота Ұлттық азат ету әскерімен келіссөзді тоқтатты.
Богота Ұлттық азат ету әскерімен келіссөзді тоқтатты.

Богота Ұлттық азат ету әскерімен келіссөзді тоқтатты.

Қарулы топ тарапынан болған соңғы уақыттағы шабуылдар жағдайды шиеленістірген.

Колумбия билігі жақсылықты түсінбей, бейбітшілікпен мәмілеге көнбеген топтың енді басына қара бұлт үйіруге бекінгендей. Ел президенті Хуан Мануэль Сантос Ұлттық азат ету әскерімен ешқандай әңгімеге бармайтынын айтты. Оған қоса қол астындағы әскеріне оларға тосқауыл болу операциясын бастауға бұйрығын да берген. Шиеленсікен жағдайдың тігісін жатқызу үшін Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттерриш осы демалыс Боготаға келмек. Айта кетсек, 2016-шы жылы Колумбия билігі тағы бір көтерілісшілер тобы - ФАРК-пен бейбіт келісімге келген. Қазір олар заңды түрде саяси партия ретінде тіркеліп, тіпті биыл кандидатттарын президент сайлауына қосқалы жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде