{metadescription}
Алматылық полицейлер бейнетіркегіш құрылғысын өшіріп тастағаны үшін жазаланып жатыр.
Алматылық полицейлер бейнетіркегіш құрылғысын өшіріп тастағаны үшін жазаланып жатыр.

Алматылық полицейлер бейнетіркегіш құрылғысын өшіріп тастағаны үшін жазаланып жатыр.

Соңғы 4 айда құқық қорғау органдарының отыздан астам қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.Өткен жылды қорытындылаған әкімшілік полиция басқармасының деректері осындай. Олардың айтуынша, қалада құқықбұзушылықтар әлдеқайда арта түскен.

Полиция қызметкерлерінің бейнетіркегіш құрылғысын сөндіріп тастау әрекеті заңмен қудаланады. Төртінші жыл қатарынан кеуделеріне жабыстырып жүрген заманауи техника ереже бұзатын жүргізушілер мен заңбұзушылық жасағандарды анықтауға қажет дүние. Бірақ оны әдейі өшіріп тастайтындар жиілепті. Бірақ, олардың ешқайсысы жұмыстан қуылмаған.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

-Бейнетіркеуіш өшіп тұрғанымен, полиция қызметкерінің сол кезде жүргізушілерден ақша бопсалағанын дәлелдеу керек. Оларды біз тәртіптік жазаға тартамыз немесе басқа жұмысқа ауыстырып жібереміз.

Тәртіп сақшыларындағы тағы бір ерекшелік, олар енді қолдарына планшет ұстап шықпақ. Барлығы емес, әзірге тек 50-інде ғана бар. Оның пайдасы, айыппұл рәсімдеуді 40 минут жырғап жатпай, 5 минутта бітіруге болады. Ол дереу ортақ базаға тіркеледі. Жақын уақытта жүргізушілерді қоғамдық көлікке орнатылған камералар арқылы да жазалайтын болады. Қазірдің  өзінде қалада 500 автобус жарақтандырылған.

-Бақылау камералары жүргізушілердің қозғалыс кезіндегі тәртібін ғана емес, сонымен бірге қоғамдық көлік ішіндегі сұғанақ қол қарақшылардың кім екенін  анықтауға көмектеседі. Мәселен осы құрылғының арқасында соңғы 3 айдың ішінде полиция 50 ұрлықшының тұлғасын анықтаған. 

Осындай аппараттардың автобуста болғанын жүргізушілердің өздері де қалайды. Өйткені, жолға таласатын ұшқыр көліктермен қақтығысып қалса немесе басқа да күтпеген жағдайға тап болса, өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге таптырмас құрал дейді. Жаңа технологиялар жол-көлік оқиғаларының азаюына септігі тигенімен, әкімшілік құқықбұзушылықтар санына әсер ете алмай отыр. Оның саны бір жылда 22 мыңға артып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде