Астанаға пойыздың үстіне мініп жетпек болған жігіт токқа түсті
Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға орын алды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.01.2018
Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте 29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан. Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.
Елдос Қайыржанов, травматолог-дәрігері:
- Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған,күйіктері көп.3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жеңілденді. Бірақ өте ауыр науқас болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!