Еңбек министрі Назарбаевтың сынына жауап берді
Ұлттық банк қаржыға бақылауды күшейтіп, Қазақстаннан ақшаның заңсыз шығуына тосқауыл қоймақ. Тіпті, ол үшін қаржы ұйымының заң бойынша құзыреті артқалы жатыр. Мұны президенттің жолдауы талқыланған Үкімет жиынында бүгін бас банкир Данияр Ақышев айтты. Жалпы, Ұлттық банк төрағасынан бөлек, министрлер мен әкімдерге де жүктелген шаруа көп.
Автор: Досжан Маратұлы
11.01.2018
-Жолдаудың орындалауына жауапты Үкіметте қызу қарбалас басталды. Премьер Бақытжан Сағынтаев министр мен әкімдерге тапсырылған шаруаны көпке созбай, кірісуге пәрмен берді.
Өйткені, уақыт тығыз. Оның үстіне жүктелген міндеттер өте ауқымды. Сондықтан басты құжаттың орындалуына жауапты Үкімет басшысы бүгін министрлер кабинетін тегіс жинап, кімнің немен айналысатынын айқындап берді.
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
-Жаңа жолдау Елбасының 2017 жылы жариялаған Қазақстанның 3-ші жаңғыруы атты тұғырнамасын одан әрі дамытады. Мақсатымыз өзгеріссіз қала бермек.
Әсіресе, Ұлттық банкке артылған жұмыс көп. Өйткені, президент Данияр Ақышевқа даулы несие мәселесін біржола шешуге пәрмен берген. Оның үстіне қаржы ұйымы еліміздің миллиардтары шетелге шығып кетпеуін қатаң бақылауы тиіс. Өйткені, қазақ байлары тапқан табысын офшорларда жасыруға әуес. Бірақ, мұндай қаржылық операцияларды бақылап, тосқауыл қоюға Ұлттық банктің осы уақытқа дейін мүкіндігі болмаған. Сондықтан қаржы ұйымының қолын ұзарту үшін Ұлттық банктің құзыреті артпақшы.
ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
-Ұлттық банк құзыретін арттыру үшін қазір заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Құжат күшіне енсе, қаржыны бақылау күшейтілмек. Әрі Қазақстаннан ақшаның заңсыз шығуына жол бермейді.
Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел азаматтарының мәртебесін ақыры анықтап шыққан екен. Тамара Дүйсенованың ведомствасын бұған дейін президент сынаған еді. Яғни, министрлік, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың мәртебесін анықтап, белгілі бір топқа қоспай келген. Енді кемшілікті түзедік дейді министр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
-18 миллион адамды толық статусын анықтап шықтық, ақпараттық жүйелер арқылы. 5,5 миллион адамның статусы жоқ болатын. Жергілікті әкімдіктердің көмегімен барлығының статусын анықтадық. Қазір 500-ден азамат елімізден шығып кеткен, қайтыс болған азаматар бар, студент азаматтар бар солардың статустарын қажетті министрліктер қарап жатыр.
Ал, қаржы министрі құжаттағы міндеттерді іске асыру бюджеттен ақша бөлінгенін айтады. Мәселен, ұстаздардың жалақысын өсіру үшін қазынадан 70 миллиард қарастырылған. Енді Елбасының осы жолдауына сай Экономика министрлігі жоспар құруы тиіс. Ол үшін Тимур Сүлейменовке екі күн уақыт беріліп отыр. Сөйтіп, маңызды құжатты министр сенбі күні Үкіметке таныстыруы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!