{metadescription}
Алматылық жүргізушілерге ескерту жарияланды
Алматылық жүргізушілерге ескерту жарияланды

Алматылық жүргізушілерге ескерту жарияланды

Алматының коммуналдық қызметі де тоқтаусыз жауып жатқан қармен таңнан бері алысып жатыр. Түске дейін шаһардағы қардың қалыңдығы 10 см-ге жеткен.

Тазалау жұмыстарына 575 техника мен 2000-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.  Көлік қозғалысына кедергі келтіріп, қарбалас тудырмау үшін әкімдік қарды түнгі мезгілде шығарамыз деп шешкен. Сондай-ақ тұрғындарға жол жиегінде көліктерін қалдырмауға кеңес берілді. Өйткені машиналар тазарту жұмыстарына кедергі келтіреді екен. "Қазгидромет"-тің болжауынша, Алматыда қаңтардың 16- на дейін жапалақтаған қар ара-кідік тоқтағанмен, жауады. Осыған орай аудандық әкімдіктер қар тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәулікті кезекшілік ұйымдастырады.

Айжан Кенжебекова Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы:

-Қалада 22 колонна. Әр калоннада 7-і техникадан. Олар қарды ерітетін, қарды тазалайтын арнайы техникалар жұмылдырылуда. Қаланың мүмкіндігі жетеді. Жаңа техникамен және жұмысшылардың 50 пайызы қосылды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде