{metadescription}
Қарағанды облысында автобус аударылып адамдар зардап шекті
Қарағанды облысында автобус аударылып адамдар зардап шекті

Қарағанды облысында автобус аударылып адамдар зардап шекті

Адым жер көрінбес боранда жолдан ауып кеткен қоғамдық көлікте 45 адам болыпты. Үшеуі ауруханаға жеткізілсе, қалғандары Шешенқар ауылында уақышта ораналастырылды. Таңертеңнен басталған алай-дүлей боран Орталық пен  Солтүстік Қазақтанның да жұртшылығын түгелдей әбігерге салды. Қазір бұл өңірлерде барлық бағыттағы тас жолдар жабық. Құтқару қызметінің ескертуіне қарамастан сапарға шыққандар жол бойында оның ашылуын күтіп, қаңтарылып тұр. Әуе қатынасы да уақытша тоқтап, әуежайдағылар ауа райының дұрысталуын күтуде. 

-Солтүстіктің сақылдаған сары аязы мен  алай-дүлей боранына бойы үйренген жергілікті тұрғындарға қыстың бір күнде келіп қалғаны таңсық емес. Дегенмен, биыл қыстың екінші айына аяқ басса да, қар түспей қара қатқақтың созылып кетуі, әсіресе,шаруаларды  аздап алаңдатқан еді. Енді, міне  көл көсір қар жауды.

Несібесін аспаннан күтетін шаруаның  тілегі орындалған күн бүгін. Әп-сәтте төпелеп қар жауып, соңы боранға ұласты. Осыдан кейін республикалық маңызы бар жолдар тегіс жабылды. Қазір Көкшетау-Астана, Көкшетау-Петропавл, Алматы-Екатеринбург бағыттары жабық. Тіпті жақын аудандарға да шығу мүмкін емес.Төтенше жағдай қызметінің жиі-жиі хабарлама таратып, ескерту айтып жатқанына қарамастан жанын шүберекке түйіп жолға шыққандар көп.

Мұрат Баймолдин,Шағалалы ауылының тұрғыны:

- Мен таксистпін. Зерендіге кісілер апара жатырмын. Аяғы ауыр адамдар да, неше түрлі адамдар отыр. Күн бұзылып кетерін кім білген? Бір Алланың қолында. Алла жазса, ашар жолды ,өтерміз.

Қалың қардан Көкшетау көшелерінде жаяулардың жүруі де  оңай болмай тұр. Арнайы қызметтер тазартып жатқанымен, үлгерер емес. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барлық аудандарда, қалада сабақ  тоқтатылды. Секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрып, аяғы боранға ұласып жатыр. Дәл осындай жағдай Қызылжар өңірінде де болып жатыр. Ауа райына байланысты солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары облыстағы барлық жолдарды торуылдап жүр. Қазір  теріскейде бес бағыт бойынша жолдар  жабылған. Түк көрінбейтін ақтүтек боранның салдарынан Петропавлдан Қостатай облысының Рудный қаласына бет алған автобус жолдан шығып кеткен. Абырой болғанда ондағы 30 жолаушы дін аман. Қарағандылықтар да қалың түскен қармен арпалысып жатыр. Мұнда бірнеше бағытқа ұшақтар ұша алмай, теміржол қатынасы да қиындаған. Қазір вокзалда пойыз күткен жолаушы  көп. Орталық өңірдің төтенше жағдай қызметі болса, осы күндері жолға шықпай сақ болуды ескертуде. 

Жанна Дәуренбекова, Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

-Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында барлық бағыттар бойынша барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды таңертеңгі 8-20 дан бастап. Халыққа ескертеміз алыс жолға шықпауға, әсіресе түнде және ауа райы нашарлау кезінде.

Ал көз аштырмас боранда жолға шыққан жолаушылар автобусы Қарағанды облысында апатқа ұшырады. 45 адамның үшеуі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Қалғандары жол ашылып, басқа  көлік табылғанша Шешенқар ауылында уақытша тұрақтамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде