{metadescription}
Петропавлда кезінде қауіпті қылмыскерлермен күрескен офицер тұрмыс тауқіметін тартып жүр
Петропавлда кезінде қауіпті қылмыскерлермен күрескен офицер тұрмыс тауқіметін тартып жүр

Петропавлда кезінде қауіпті қылмыскерлермен күрескен офицер тұрмыс тауқіметін тартып жүр

Петропавлда өмір бойы аса қауіпті қылмыскерлермен күрес саласында істеген зейнеткер қартайған шағында отбасымен құлағалы тұрған үйде өлместің күйін кешіп отыр. 78 жастағы Тимофей Новокшёнов ішкі істер органдарында қызмет еткен жылдары 12 бандитті ұстап, бірнеше рет жарақат алған екен. Онысы үшін талай рет марапатталған қария енді кемпірі екеуі апатты деп танылған баспананы паналауға мәжбүр.  Ал олардың қалалық әкімдіктегі пәтер кезегі екі жылда тек екі адамға ғана жылжыпты.

Тимофей Новокшёнов өз өмірімді соғыстан кейінгі қиын жылдары өріп  кеткен қауіпті қылмыскерлермен күреске арнадым дейді. Мәскеудің атақты Петровка, 38 деген мекен-жайымен белгілі болған ғимаратында еңбек еткен ол сол жерде  ерекше бөлімді басқарған.  Қазір денесінде сау жері жоқ қария  талай рет оқ және  пышақ жарақаттарын алған.  Соңғысы ауыр болғаны сонша, оны денсаулығына байланысты қызметінен босатыпты. Енді міне талай тажалға төтеп берген батырдың ажалы сыз пәтерде қысы-жазы күн бермейтін масадан келе ме деп қорқады жары. 

Бұл үй осыдан 75 жыл бұрын осы маңдағы кірпіш зауытының жұмысшыларына арнап салынған  екен. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген баспананың қазіргі сиқы мынау. Маскүнем көршілерінен мезі болған Новокшёновтар өз кіреберістерін де үйдің артқы жағынан  бөлек етіп  жасап алыпты.

Тимофей Новокшёнов, зейнеткер:

-Бұл үйдің төбесі бірнеше жыл бұрын құлаған. Оны әупірімдеп жөндедік. Қабырғаға түсқағаз жапсыру мүмкін емес, бәрі сыз тартып тұр. Міне мына сылақ түртсең құлайды.

 Қарияның кемпірі  83 жастағы Зинаида Феодосьевна еңбек ардагері. Солтүстік Қазақстанға тың игеру жылдары  келген екен. Соғыс кезінде  талай рет ормандағы  партизандарға хат-хабар тасығанмын дейді. Енді өзі  әкімдіктен баспана  кезегі туралы күнделікті хабар күтіп отырады екен.   

Зинаида Новокшёнова, зейнеткер:

-Мен пәтер кезегінде 66 болып тұр едім, менің алдыма бір кісіні  қойып бізді 67 етіпті. Қаншама ұрыстым, еш нәтиже жоқ. Кезек те жылжымай қойды.

Новокшёновтар бұл пәтерді осыдан бес жыл ауылдағы мал-мүлкін сатқаннан түскен  ақшаға алған екен. Қартайған шақта қалада қолымызды жылы суға малып отырғымыз келді дейді. 

-Бұл үй 2015 жылы апатты деп танылыпты. Сол жылы ақ осы үйді паналап отырған  9 отбасы қалалық әкімдікке пәтер кезегіне қойылған. Алайда екі жылда бұл кезек тек екі адамға ғана жылжыған екен

Ал шенеуніктер осы 9 отбасының ішіндегі қарттардың елге соншама еңбегі сіңсе де, баспана кезегіне қатысты  өзгелерден еш артықшылықтары жоқ дейді.

Бауыржан Бейсенбаев, Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің қызметкері:

-Новокшёновтар жалғыз баспанасы апатты деп танылғандықтан  пәтер кезегінде  67-ші болып тұр.  Биыл осы тізімдегі тұрғындарға арналған 92 пәтерлік жаңа үй салынады. Сол кезде қариялар не баспаналы болуы мүмкін, не кезегі жылжуы тиіс. Бұл мәселе ғимаратты тұрғызатын жекеменшік компанияның шешіміне байланысты болады.

Енді бұл үйдегілерге көктемді күтуден басқа амал жоқ. Оны да асыға  күтеді дей алмайсың, жертөледегі су еденді басып есті шығарады екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.