Чехияда президенттікке сайланудың бірінші кезеңі басталмақ
Мұнда таққа 9 кандидат таласып жатыр. Олардың бірі елдің қазіргі президенті Милош Земан.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.01.2018
Әлеуметтік сауалнамаға сенсек, сайлаудағы негізгі талас осы Земан мен Чехия ғылым академиясының экс-басшысы Иржи Драгош арасында болмақ. Қазіргі президент қарапайым жұмысшылар мен зейнеткерлердің қолдауына сүйенеді. Ал, Драгошқа жоғары білімді азаматтар мен бизнесмендер дауыс берулері мүмкін. Саяси доданың бірінші кезеңі бүгін біздің уақыт бойынша сағат 19:00-де басталады. Ол 2 күнге созылмақ. Бастапқы турда кандидаттардың бірде-бірі 50 пайыздан көп дауыс жинай алмаса, араға 2 апта салып, сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған 8 миллионнан аса сайлаушы қатысып, өз таңдауын жасамақ . Сайлау жеңімпазы 5 жыл бойы Чехияны басқаратын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!