{metadescription}
Астанада дүлей бораннан келген шығын көлемі есептеле бастады
Астанада дүлей бораннан келген шығын көлемі есептеле бастады

Астанада дүлей бораннан келген шығын көлемі есептеле бастады

Астана қарлы бораннан енді ес жия бастады. Күшті желден көшелерді басып қалған қалың қарды коммуналдық қызмет аршып үлгере алмай жатыр. Ал, қала билігі дүлей дауылдан келген шығын көлемін есептеуге кіріскен. Бораннан кейінгі Елорданың тыныс тіршілігін тікелей байланысқа шыққан тілшіміз айтсын.

Сонымен қазір Астанадағы ахуал қандай?

Қазір  боран біршама басылды. Кешегідей желдің күшті екпіні жоқ. Сынап бағанасы -13 градус. Сондықтан күн райы тұрақталған соң бүгін мектептерде  сабақ үзілген жоқ.

Ал, бір сәтке де дамыл таппаған коммуналдық қызмет көшелерді боран үріп тастаған қардан аршып үлгере алар емес. Дәл қазір көшелерде екі жарым мыңнан астам жұмысшы жүр. Техника да жүздеп саналады. Дүлей боранның кесірінен ұшқан шатыр, құлаған банерлерді қалпына келтіруге әкімдіктің шамасы жетпей жатыр. Ал, тұрғындар болса, адамдарға дейін ұшырған қарлы боранды қорқынышпен еске алады.

- Автобустар жүрген жоқ. Қардан өте алмай еңбектедік деуге болады. Жол жоқ, жарықта болмады.

Боранның кесірінен жарақат алған адамдар көп. Мәселен, 20-ға жуық тұрғынның аяқ- қолы сынып, тіпті басынан жарақат дейін алған. Сондықтан, травматология бөлімшесінің дәрігерлері де дамыл таппаған. Десе де, бүгін кешегідей қарбалас жоқ. Науқастарға қажетті көмек көрсетіліп үйлеріне жіберіліпті.

ТАЛҒАТ ТҰТАБАЕВ, ТРАВМВАТОЛОГ:

- Жарнама баннері құлаған біреуге. Тағы бір  науқас келді, аяғын соғып алған далада. Үшінші науқас та аяғын ұрып алған. Қаңылтыр түсіпті аяғына. Төртінші науқас аяғын қайырылып алған. Желдің екпінімен алдыға итеріліп, өзін ұстай алмай құлап қалған.

Ал, құтқару қызметіне бір тәулік ішінде төрт мыңға жуық қоңырау түскен. Олардың көбі жолда қалғандар екен. Тек, Астана бойынша қар құрсауында қалған 150-ге жуық адам құтқарылыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.