{metadescription}
Бұрынғы әкімдердің кезінде Алматыда жүруге тиым салынған шағын автобустар қалада қайтадан қаптай бастады
Бұрынғы әкімдердің кезінде Алматыда жүруге тиым салынған шағын автобустар қалада қайтадан қаптай бастады

Бұрынғы әкімдердің кезінде Алматыда жүруге тиым салынған шағын автобустар қалада қайтадан қаптай бастады

Сиымдылығы аз 100 көлік сатып алынды. Олар тоғыз бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдамақ.

Бүгін шаһарда ашылған жаңа екі бағытта да жүретін осы шағын автобустар. Негізінен шеткі аудандарда қызмет көрсетеді. 46 маршрут  Первомай шағын ауданынан бастап - Әмбебап базар-Құлагер-Жетісу аудандық әкімдігі арқылы бірінші вокзалға барса, 122-ші маршрут Рахат ауылынан Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына дейін қатынайды. Тағы алты бағыттағы автобустар осы 18 орындығы бар тұлпармен  алмастырылған.  Алматыда  көлікті реформалау аясында биыл сиымдылығы әртүрлі 388 автобус сатып алынған екен. Шаһардың бұрынғы басшылары қалада шағын автобуспен адам тасымалдауға шектеу қойып, қоғамдық көліктерді жаппай көгілдір отынға көшіруді бастап еді. Алайда бүгінде ол талаптар ескірген сияқты.

Ризван Цинаев, «Алматыэлектротранс» ЖШС директоры:

-Қауіпсіздік бойынша бұл автобустар барлық талаптарға сай. Күшейтілген тежегіші бар. Іші сырты түгел бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етілген. Үлкен автобустар қатынай алмайтын жерлерде өте ыңғайлы. Әсіресе шеткі аудандарда тұратындарға ыңғайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде