Шығыс Қазақстан халқына зілзала туралы хабар жетпей қалуы мүмкін
Өйткені табиғат апатын алдын ала білуге көмектесетін облыстағы жалғыз сейсмологиялық бекет жұмыс істемей тұр. Ал жауаптылар бекетті жаңғыртуға қажетті қаржы бөлінгенін айтқанымен, оның құжаттары қол байлап тұр дейді.
Автор: Жанар Низамутдинова
12.01.2018
Облыстағы жалғыз сейсмобекет Күршім ауданында осыдан 28 жыл бұрын болған жер сілкінісінен кейін орнатылған екен. Бірақ, неге екені белгісіз, ол да тек 12 жыл бұрын жұмыс істей бастапты. Осы уақыт ішінде 450 метр тереңдікте орналасқан жабдық істен шығып, ғимараттан да күй кеткен. Ал бүгін түнде Өскеменнен 146 шақырым қашықтықта болған зілзала туралы түс әлетінде ресейлік ақпарат көздерінен естіген.
Ирина Шадских, «Шығысқазкен» геология және жер қойнауларын пайдалану департаментінің бөлім басшысы:
-Кезінде қажетті қаржы бөлінбегендіктен құрал-жабдық уақытылы ауыстырылмаған. Енді оны сатып алу үшін министрліктен 5 миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!