Астанада шетелдіктерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Онда гастрабайтерлер мен сырттан келген бизнесмендерге Қазақстанда жұмыс істеу үшін рұқсат қағазын алуға болады.
Автор: Жәудір Оразхан
12.01.2018
Миграциялық орталық пилоттық жоба ретінде сынақтан өткен. Бүгін ресми түрде ашылды. Енді елімізге жұмыс іздеп келгендер бұрынғыдай құжат реттеп 5 күн жүрмейді. Бар шаруасын бір сағатта шешеді. Бұл шетелдік бизнесмендер үшін де ыңғайлы. Сондай-ақ, орталықта медициналық, дактилоскопиялық тексеруден өтуге, тіпті, ЖСН да алуға болады. Бұған дейін еңбек мигранттарының мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысатын. Сондай-ақ, бүгін Елордада халыққа сандық қызмет көрсету орталығы да іске қосылды. Онда тұрғындар оператордың көмегінсіз 700 түрлі құжатты өз беттерінше шығарып ала алады. Адамдар үйде отырып-ақ электронды үкіметтің сайтына кіріп, мекен-жайы, мүлік туралы анықтама, зейнетақы қоры қатысты ақпарат алуына жағдай жасалған.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:
-Басты мақсат – адамдар өздері цифрлық қабілетін көтеріп, өздері керек құжатты алуды ұйымдастыру. 2017 жылы 37 миллионға жуық адамдарға қызмет етті ЦОН-дар. 24 миллионы соның ішінде электронды құжаттар. Жылдан жылға көбейіп келеді. Осындай цифорлық ЦОН-ды әр қалада ашуға өзімізге талап қойып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!