{metadescription}
СҚО-да боранда адасып кеткен мұғалімнің өлі денесі табылды
СҚО-да боранда адасып кеткен мұғалімнің өлі денесі табылды

СҚО-да боранда адасып кеткен мұғалімнің өлі денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында  20 жастағы мұғалімнің мәйіті табылды. Тапа-тал түсте жұмыстан шыққан ол көз аштырмас боранда адасып кеткен екен. Жігіттің  үсік шалған денесін тәртіп сақшылары өзі тұрған Уәлиханов ауданындағы Береке ауылынан 10 шақырым жерден тапқан.

Бейсенбі күні сағат 12 жарым шамасында  мектептегі жұмысын бітірген Айзат Бөкеев үйіне қарай шығыпты. Бет қаратпаған қатты бораннан адасқан  ол ауыл шетіндегі досының үйіне кіріп жылыныпты. Содан шығып кеткен оны екі күн бойы тәртіп сақшылары мен еріктілер іздеген. Тек бүгін ғана оның үсік шалған денесі Береке ауылынан 10 шақырым жерден табылды. 

Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы: 

-Қазір мәйіт сараптамаға жіберілді. Денесінде ешқандай жарақат жоқ. Сондықтан үсік шалған болуы мүмкін. Оны екі күн бойы біздің қызметкерлер аяқтарынан тік тұрып іздеген еді. Алайда бұл іске боран қатты кедергі келтірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде