{metadescription}
Еліміздің бірнеше облысында қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды
Еліміздің бірнеше облысында қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Еліміздің бірнеше облысында қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Еліміздің бірнеше облысында қатты аязға байланысты сабақ тоқтатылды. Мұндай жоспарсыз демалыс Ақмола, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының 4-ші сыныпқа дейінгі оқушыларына беріліп отыр.

Өйткені, бұл өңірлерде сынып бағанасы минус 30 градусты көрсетіп тұр. Тіпті, Шығыс Қазақстанның кейбір жерлерінде ауа температурасы минус 36 градусқа дейін жеткен. Бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің басым бөлігінде ақтүтек боран соғып, аяз түсетінін хабарлаған еді. Ауа райының бұзылуына байланысты қазір Ақмола, Павлодар облыстарында жолдар жабық. Ал, Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өлі денесі табылды. Болжам бойынша әйелдер үсік шалып қаза тапқан болуы мүмкін. Қазір мұны полицейлер анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде