{metadescription}
Жамбылдық өнертапқыш мотоциклден қалай машина жасағанын айтып берді
Жамбылдық өнертапқыш мотоциклден қалай машина жасағанын айтып берді

Жамбылдық өнертапқыш мотоциклден қалай машина жасағанын айтып берді

Мотоциклден машина жасаған! Осыдан біраз уақыт бұрын үш аяқты техниканы жеңіл көлікке айналдырған қарапайым малшының видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Темір тұлпардың мемлекеттік нөміріне қарап оның Жамбыл облысына тиесілі екені белгілі болғанымен, «Қазақвагенді» құрастырушының өзін табу қиынға соқты. Енді  сол машина авторы Төлеген Юсуповтың мекен-жайы анықталып, тілшіміз Руслан Әбдіхалық онымен тілдесіп қайтты.

- Ойпырмай не деген мотоцикл мынау. Машина ғой мынау. Ия, машина.

Төлегеннің машинадан мотоцикл жасаймын дегеніне әу баста туған-туыстары, тіпті жарының өзі сенімсіздік танытқан. Бірақ 38 жастағы азамат өзінің дегеніне жетіп, үш аяқты техниканы механикалық машина етіп жасап шығарған. Күтпеген жерден көлік «Геленвагенге» ұқсап қалды. Сөйтіп, ол  «Қазақваген» деп аталып кетіпті.     

-Мынаны қолдан иіп жасағам, панэлі. Мынау калонка, мынау магнитофон,Сигнал, мынау фараға арналған. Мынау рөлі іші арматура. Мынау газ, тормоз, сцеплениесі. Бәрі механикалық машина сияқты ғой.

080 TEN 08 мемлекеттік нөмірі де жайдан жай емес. «Тен» деген Төлеген дегенді білдіреді. Ал, өзі мал бағатын Төлеген Юсуповтың мұндай көлік құрастыруына оның мотоциклмен жауынның астында қалуы себеп болған. Сондықтан салонның ішін неғұрлым жылы етуге тырысыпты. 

- Мына печка, мотордың жылуын ішіне қарай ұрады. Ал мынау жазға арналған винтелятор тұр ішінде. Мұздай ауа береді. Керек емес кезде жауып қоюға болады.

Жыл он екі ай жүруге ыңғайлы техниканы құрастыруға Төлегеннің бір апта уақыты кеткенімен, бір тиын шығындалмаған. Ол үйдегі ескі көліктің жарамсыз бөлшектерін кәдеге жаратыпты. Ал сыртына құрылыс материалы алюкобондты қолданған. Салонның ішінде жарық бар, тіпті өрісте жүріп-ақ қалта телефонын қуаттауға болады. Ол үшін аккумуляторға мына күн батареясы арқылы тоқ келіп тұр.   

Төлеген Юсупов, шаруа қожалығының жұмысшысы:

-Қазір күн суықта жаңбыр, қар жауып тұрса ештемеге қарамаймын. Мінемін де, малға кете беремін. Мотоцикл ғой негізі, жүре береді кез-келген жерде. Қалаға да баруға болады. Енді осы жерге арналғасын осында жүрміз. Ал негізі кез келген жерге баруға болады.

Бұл шаруашылыққа таптырмас көлік. «Қазақваген» кәдімгі Геленвагеннен кем емес. Мына сыртқы пішіні соған ұқсатылып жасалған. Ал ішіне келетін болсақ, салон екі адамға арналған. Қажет болған жағдайда үшінші жолаушыны да сыйғызуға болады. Ал мен қазір Төлегеннің құрастырған техникасын сынап көрмекпін. Яғни сонау өрісте жүрген малды қайырып келейін.

«Қазақваген» тегіс жолда сағатына 70-80 шақырым жылдамдықты бағындыра алады. Бірақ құжатының дұрыс болмауына байланысты ауылдан аса алмай отыр. 38 жастағы азамат өнер десе ішкен асын жерге қояды. Туған күн, соғым басы сынды жиындарда домбырасын асынып, келіншегімен қыстақтағы малшылардың үйін атпен аралайтын Төлеген енді Қазақвагенмен қыдырып жүр.  

Бір қызығы Төлеген Юсуповтың тек орта білімі ғана бар. Бірақ соған қарамастан «өнертапқыш» есебінде аймаққа тегіс танылып үлгерген. Тіпті арнайы білімі жоқ қабілетті жігіттке шаруа қожалықтарынан тапсырыстар түсіп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде