Ресейде мектептегі төбелес соңы қанды қырғынға ұласты
Ресейдің Пермь қаласында мектептегі төбелес соңы қанды қырғынға ұласты. 15 адам зардап шегіп ауруханаларға жеткізілген.
15.01.2018
Оқыс оқиға бүгін таңғы ондардың шамасында Пермьдегі номері 127-ші мектепте болды. Жоғарғы сыныптың оқушысы мен бұрын осы мектепте оқып кеткен бозбала сөзге келіп, соңында бір-біріне пышақ ала жүгіріпті. Осы екі тентекті ажыратпақ болғандар оңбай жараланды. Көздері қанталаған бозбалалар тіпті төменгі сыныптың оқушыларын да аямай, пышақ сілтеген көрінеді. Қазір екеуі де қолға түскен. Ал, зардап шеккендерден 10 жастағы оқушы мен мұғалімнің жағдайы ауыр. Мектепте қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!