{metadescription}
Шымкентте дәрігерді парақор деп айыптаған жүргізуші сотталды
Шымкентте дәрігерді парақор деп айыптаған жүргізуші сотталды

Шымкентте дәрігерді парақор деп айыптаған жүргізуші сотталды

Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушісі бас дәрігердің былығын ашамын деп, ақыры өзі сотталып кетті. Сот басшысын парақор деп айыптаған Әлішер Тұрсынқұловтың өзін пара алушы және алаяқ деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері әрі қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов былтыр сәуір айында бастығының қылмыстарын тізбектеп ғаламторға шыққан еді. Ауызбастырық бергендерді ғана жұмысқа алады деп, ал арадағы делдал ретінде өзінің амалсыз ақша тасығанын айтып ұлттық қауіпсіздік комитетінен өзін және отбасын қорғауды сұраған. Бірақ содан өзінің басы бәлеге қалды. Оған 13 адам жұмысқа тұруы үшін ақша бергенін айтқан соң Тұрсынқұловтың өзіне «пара алу» және «алаяқтық» бойынша іс қозғалды. Бастығыма тасыдым дегенін дәлелдей алмаған ол енді 8 жылын өтеп қана қоймай, кезінде алған 10 миллион теңгесін де қайтаруы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде