{metadescription}
Павлодарда жолаушылар мінген трамвай отқа оранды
Павлодарда жолаушылар мінген трамвай отқа оранды

Павлодарда жолаушылар мінген трамвай отқа оранды

Павлодарда жолаушылар мінген трамвай отқа оранды. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.

Оқиға таңғы сегіздер шамасында шаһардың орталық көшелерінің бірінде болған. Кенет істен шыққан трамвай іші бықсып, жана бастапты. Абырой болғанда, жолаушылар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Шошып қалғандары болмаса, олар дін аман. Ал өрт сөндірушілер келгенше трамвайдың қаңқасы ғана қалған. Қазір ол трамвай басқармасына жеткізіліп, төтенше оқиғаға қатысты арнайы сараптама тағайындалды. Отқа оранған трамвайдың 37 жыл бұрын қолданысқа берілгенін айта кетейік. Болжамдарға қарағанда, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.

Қанат Кенжебаев, Павлодар қаласы «Трамвай басқармасы» АҚ депосының басшысы:
-Вагон қозғалғанда искра шығады. Сол искарасы күйдіріп жіберген сымды. Сол сым вагонға тиіп, от шыққан. Вагон ішінде оншақты адам болған. Оларды шопыр жүргізуші уақытымен вагонды өшіріп, есіктерін ашып шығарып жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде