Қарағандыда адам өлімімен аяқталған жол апатына көк тайғақ себеп болуы мүмкін
Қарағандыда аялдамаға соққан көліктің жолдан шығып кетуіне көктайғақ себеп болуы мүмкін. Кісі өліміне әкеп соққан оқиғаға қатысты осындай болжам айтылуда. БМВ-ны тізгіндеген 35 жастағы жүргізушіден қазір жауап алынып жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
15.01.2018
Сенбі күні болған көлік апаты кесірінен автобус күтіп тұрған екі тұрғын машинаның астында жаншылып қалған-ды. Салдарынан 71 жастағы кейуана дәрігерлер жеткенше есін жимастан бақилық болған. Қайта көлік аялдамада тұрған 10 шақты адамның барлығын жайпамаған. Зардап шеккен екінші адам, 69 жастағы Любовь Вишнякова бәрі қас пен көздің арасында болғанын айтады. Қатты соққыдан кейін жедел ауруханаға жеткізілген оның бірнеше жеріне ота жасалыпты.
Любовь Вишнякова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-8 қабырғам сынған. Дәрігерлер дер кезінде қабырғаларды көтеріп орындарына қойды. Әйтпесе, жүрегімді жаншып қалған екен. Аяғым мен жамбасым сынған. Қасымда отырған жас қызға ештеңе болмапты, алысырақта тұрған егде әйелді де басқан екен. Ол өліп қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!