{metadescription}
Петропавлда тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмады
Петропавлда тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмады

Петропавлда тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмады

Петропавлда осы демалыс күндері үш жер үй өртеніп,  төрт адамның өмірін жалмады. Олардың арасында екі жастағы шөбересімен бірге тірідей жанып кеткен 90 жастағы кейуана да бар. Әке-шешесі ұлын әжелеріне тастап, екі сағатқа ғана үйден шығып  кеткен екен.

Қайрат Садықов, СҚО ТЖД бас маманы:

-Үйдің ескі әрі ағаштан жасалуына байланысты,  оның төбесі опырылып түсіп осы адамды іздеуді қиыншылық туғызды. Осыған орай біздің қызметтің жарық беретін автомобильдері іске қосылып, сол арқылы екі сағаттан кейін осы кішкентай баланың денесі табылды.

Мына көріністерді қара жамылған үйдің көршілері ұялы телефонға түсіріпті.  Өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалынның күш алып үлгергені сонша, шатыр опырылып түскен. Газ баллонынан  шыққан көгілдір отын да отты ауыздықтауға кедергі келтіріпті. 90 жастағы кемпірдің мәйіті жатын бөлмеден, ал сәбидің денесі есік алдынан табылған. Сондай-ақ, осы күні Петропавлда төсекте шылым тартып ұйықтап қалған 66 жастағы ер адам да түтінге тұншығып өлген. Жер үйдің пешінен шыққан тағы бір өрт 72 жастағы кейуананың өмірін жалмады. Көзі көрмейтін мүгедек әйел сыртқы есікті таппай тірідей жанып кеткен екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.