{metadescription}
Ақтөбе облысында жесір келіншек марқұм күйеуінің басшысын жазалауды талап етіп отыр
Ақтөбе облысында жесір келіншек марқұм күйеуінің басшысын жазалауды талап етіп отыр

Ақтөбе облысында жесір келіншек марқұм күйеуінің басшысын жазалауды талап етіп отыр

Ақтөбе облысында жесір келіншек жұмыс орнында қайтыс болған күйеуінің басшыларын жазалауды талап етіп отыр. Оның жары Болат Аманбаев балабақшаның қазандығында газға тұншығып қалған. Ең сорақысы, марқұмның газ қондырғысымен жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмапты. Соны біле тұра басшылары жылу қазандығының бар жұмысын оның мойнына жүктеген. Тіпті ескірген жылу қондырғыларының жөнделмегенін де ескермепті.

Қапияда қосағынан айырылған Гүлнар төрт айдан бері құзырлы органдардың табалдырығын тоздырумен жүр. Қазан айында күйеуі Болат Аманбаев Қарғалы ауданына қарасты Петропавловка ауылындағы балабақшаның жылу қазандығын қосуға кетіп, содан үйіне оралмаған.

Болат Аманбаевтың өлі денесін дәл осы ғимараттан келіншегі келіп тауып алады. Ең қызығы жаңадан қосылған жылу қазандығына ешкімнің шаруасы болмапты. Тек марқұмның келіншегі шу шығарғанда барып, есігін ашуға балабақшаның шаруашылығына жауапты қызметкер келеді.

Жылу қазандығындағы күйеуінің жансыз денесін көрген Гүлнар қатты шошынып қалған. Марқұмның қан құсып, қиналып қайтыс болғанын айтады ол.

-Былай ашық тұр. Жолдасым уже өліп қалған. Сол жерде Болат, Болат деп сілкіп қарап қалсам құсқан. Қанымен бірге уже өлі...

Марқұм балабақшадағы жылу қазандығының жарамсыздығын айтып, басшыларына бірнеше рет ескерткен екен. Бірақ оған ешкім құлақ аспапты. Тіпті Болат Аманбаевтың газ қондырғысымен жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмағанына қарамастан жылу қосуды соған жүктеген.

Гүлнар Аманбаева, Б. Аманбаевтың жесірі:

-Жолдасым үйге келгенде айтып отырады. Осы құрылғылары жаман. Котелныйдағы котелдер жұмыс істемейді. Жағдай өте нашар болды олардың.

Балабақша меңгерушісі де жылу қазандығының біраздан бері жөндеу көрмегенін жасырмайды. Бірақ кісі өліміне қатысым жоқ деп азар да безер.

Махаббат Тастаева, «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі:

-Жылу орталығының апатты жағдайда тұрғанын білдік. Жалғыз мен емес, аудандық білім бөліміндегілер де білді. Ал жұмысшының қолында рұқсат қазағы болмағанына мен жауап бермеймін. Шаруашылыққа жауапты меңгеруші айналысты.

 

Алғашқыда Болат Аманбаевтың өліміне қатысты балабақшаның шаруашылық жөніндегі меңгерушісінің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Кейін тергеушілер оны тоқтатып тастапты. Енді марқұмның жесірі тергеуді қайта қолға алып, аудандық білім бөлімінің басшысынан бастап, балабақша меңгерушісін де жауапқа тартуды талап етіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде