«Теңіз» кен орнындағы өртке қатысты алғашқы болжамдар айтылды
Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнындағы жұмысшылар жатақханасында болған өрттке кір жуатын бөлмедегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
15.01.2018
Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан «Теңіз» кен орнындағы өрт кеше түс әлетінде болған еді. Мұндағы екі қабатты жатақхана ғимараты түгелдей өртеніп, 2 адам зардап шекті. Екінші қабаттан секіріп кеткен 41 және 30 жастағы екі жұмысшы «Теңізшевройлдың» өз емханасына жеткізілген. 500 шаршы метр жерден астам аумақты шарпыған жалынды компанияның өрт сөндірушілері 4 сағаттан астам уақыт бойы сөндіріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!