Оралда 80-дегі әжей үйінді астында қала жаздады
Орал қаласында екі қабатты үйдің төбесі ойылып түсті. Осының салдарынан 80-дегі әжей үйінді астында қала жаздады. 60 жылдан аса тарихы бар бұл үй қазір...
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.01.2018
trong>мүжіліп, үгіліп тұр екен. Бірақ осындай күйге жеткен ғимаратты құзырлы орындар апатты деп танымаған. Тұрғындар болса қорыққанымыздан түнімен көз ілмейміз деп отыр. Алайда олар өміріне қауіп төнсе де, басқа барар жерлері жоқ екенін айтады.
Енді бір қадам жасағанда, әжей мерт болар ма еді. Құдай сақтап, аман қалған. Онсыз да күн сайын қабырғасы жарылып, үгіліп түсіп жатқан үйге кіріп-шығудан тұрғындардың өздері қорқатын. Осы жолы төбе ақыры опырылып құлаған. Енді мына үйде қалай тұрамыз дейді олар. Қатты жел соққанда шатыры тарсылдап, қабырғалары сықырлап тұрады екен. Осы жолы гүрс еткен дыбыстан тіпті шошынып қалған.
Полина Седлина, Орал қаласының тұрғыны:
-Гүрс еткенін естідік. Зәреміз ұшты. Күйеуім үйден атып шықты. Шықса төбе опырылып құлап, подьезді шаң басып тұр екен. Кішкентай 3 баламыз бар. Бәрінен бұрын солар үшін алаңдаулымыз. Мынау үйді жөндегеннен еш пайда жоқ. Үгіліп тұр, бір сөзбен айтқанда.
Үйдің осындай апатты жағдайға жетуінің өз себебі бар. Кеңес уақытында салынған ғимараттың су мен жылу құбыры шатыр арқылы тартылыпты. Кез-келген уақытта құбыр жарылса, су үйдің төбесінен сорғалайды екен. Содан болар, апат бола қалса малмандай су болатын үйдің ағаш баспалдақтарына дейін шіріп кеткен.
Устинья Бурсова, Орал қаласының тұрғыны:
-Міне,қараңыздар, түртіп қалсаң үгіле кетеді. Ағаштары мыжылып,балшығы шашылып жатыр. Мұнда негізінен қарт адамдар тұрады. Ендігі үмітіміз – басшылықта.
Ал әкімдіктегілер үйді осындай жағдайға жеткізген тұрғындардың өздері кінәлі дейді. Тұрғындар болса, жөндегеннен пайда жоқ деп отыр. Десе де, атқамінерлер бұл қиындықтан шығудың жолын қарастырып жатыр екен.
Асхат Шадияров, Орал қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Бұл үйлердің орнына жекеменшік әріптестік арқылы жаңа үйлер салу жоспарда бар. Қазір қызығушылық танытып отырған инвестор да табылды.
Бұл әзірге жоспар ғана. Қазір тұрғындарға үйінді астында қалып қоймаудың амалын жасау керек. Әкімдік пен төтенше жағдай қызметкерлері үйдің қаншалықты қауіпті екенін осы оқиғадан кейін келіп қарамақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!