{metadescription}
Ірі көлемде парамен ұсталған түркістандық судья сотталды
Ірі көлемде парамен ұсталған түркістандық судья сотталды

Ірі көлемде парамен ұсталған түркістандық судья сотталды

Ірі көлемде пара аламын деп ұсталған түркістандық судья сотталды. Қатардағы судья емес, Түркістан қалалық сотының төрағасы болған Омар Серікбаев 3 жарым жыл жалпы режимдегі түрмеде жазасын өтейтін болды. Алайда ақша алып жатқан кезінде ұсталған оны «пара алу» емес, алаяқтық бабымен жазалаған.

Сот жүйесінде 25 жыл істеген ол былтыр қазан айында 3 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Істі өзі жүргізбесе де, сотталушыға жұмсақ үкім шығарып беруге көмектесемін деп қомақты қаржы талап еткен. Омар Серікбаевтің ісін қараған шымкенттік әріптестері бүгін ғана басталған сот процессінде кешке қарай шешім шығарып жіберді. Енді 3 жарым жыл қамауда отыруы тиіс Фемиданың экс-қызметкері өмір бойына өз саласынан аластатылды.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.