{metadescription}
Шымкентте бюджет ақшасын жымқырған депутаттың ұлы іздеуге жарияланды
Шымкентте бюджет ақшасын жымқырған депутаттың ұлы іздеуге жарияланды

Шымкентте бюджет ақшасын жымқырған депутаттың ұлы іздеуге жарияланды

Шымкентте халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Асылжан Жамалбеков 437 милионнан астам бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталып отыр.

31 жастағы азамат 2015-2017 жылдар аралығында өзі басқарып отырған орталық арқылы мемлекеттік бағдарламаға бөлінген миллиондарды қалтаға басыпты. Арасында полиция қызметкері бар, ұзын-саны 14 адамнан құралған қылмыстық топ, жұмыссыздарға арналған мемлекеттік бағдарлама арқылы бөлінген қыруар қаржыны өз адамдарының атына аударып отырған. Асылжан Жамалбековтің өзі тегін отбасынан емес. Әкесі қазіргі облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбеков болса, туған ағасы Сайрам ауданы әкімінің орынбасары. Былтыр шілде айында Асылжан Жамалбековтің сыбайласы делінген 47 жастағы әйелдің үйін тінту кезінде 180 банк карточкасы, екі миллион теңгеден астам қаражат пен түрлі жеке кәсіпкерлердің 88 мөрі анықталған болатын. Араға жарты жыл салып, жұмыспен қамту орталығының басшысының да былығы ашылып жатыр.

Еркен Отарбаев, Абай аудандық сотының судьясы;

-Алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттік қызметке теңестірілген қызметші ретінде 437 миллион 325 мың теңге мемлекеттік бағдарлама бойынша мүлікті жасыру бойынша сондай залал келтірілген. + Қазіргі кезде оны бой тасалап жүруіне байланысты тергеу амалдарынан + Жамалбековке қатысты халықаралық іздеуге жариялау туралы шешім қабылданды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде