{metadescription}
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін жалмады
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін жалмады

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты 5 адамның өмірін жалмады

Атырау облысында болған жол апаты 5 адамның өмірін жалмады. Қайғылы оқиға Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы Хамит Ерғалиев ауылының тұсында болған. Қатты соққыдан жапырылып қалған автомобильдің ішінен мүрделерді алу үшін құтқарушылардың темірді кесуіне тура келді.

Полиция мәліметінше, Атыраудан келе жатқан «Лада» облыс орталығын бетке алған «Хьюндай акцентпен» бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан ресейлік көлікте отырған 5 адам оқиға орнында жан тапсырды. Олар: 60 жастағы жүргізуші, 40 және 57 жастағы екі әйел, 60 және 29 жастағы екі ер адам. Болжам бойынша, «Акцент» жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Оның салонында болғандар – бір отбасының мүшелері. Олар аман қалды. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған, түрлі сараптама тағайындалып, жол апатының жай-жапсары анықталып жатыр.

СНХ: Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

-Хьюндай-Акценттің көлігінің ішінде 5 адам болған. Ол – жүргізушісі және оның жолдасы, 66 жылы туылған және олардың 3 баласы болған, балалардың екеуі ер бала, біреуі қыз бала, жастары, 1998, 2000, 2008 жылы туылған. Олардың барлығы да қазір ауруханада, ем алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде