{metadescription}
БҚО-да киіктерді қырған браконьерлер ұсталды
БҚО-да киіктерді қырған браконьерлер ұсталды

БҚО-да киіктерді қырған браконьерлер ұсталды

Киесіне қарамай, киіктерді қырды. Батыс Қазақстан облысында ақшаға құныққан браконьерлер ақбөкендерді атып өлтіріп, денелерін айдалаға тастапты. Жаңақала ауданынан табылған 72 киіктің барлығының да мүйіздері түбінен кесіп алынған екен.

Күдіктілер де алысқа ұзамай қолға түскен. Екі Джипке мінген олардан кесілген 100-ден астам мүйіз бен екі мылтық, қол ара және көптеген оқ-дәрі табылды. Қазір осындай жауыздыққа барғандардың ісімен полиция айналысып жатыр. Өкінішке қарай, киік мүйізіне қызығатындарға түрме де, миллиондаған айыппұл да тосқауыл бола алмай тұр. Өйткені қара базарда киік мүйізінің 1 келісі немесе 4 данасы 3 000 еуроға бағаланады. Мамандарының сөзіне қарағанда, әдетте өздерін қуғандарға шаң қаптырып кететін түз жануарлары қыста қармен дұрыс жүгіре алмай, браконьерлердің оп-оңай олжасына айналады екен.

-Тергеу жұмыстарының нәтижесінде Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының 3 тұрғыны жалпы саны 112 дана киік мүйіздерімен ұсталған болатын. Айтулы іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың басынан бастап бұл үшінші факт болып табылады. Жалпы мемлекетке келтірген зиян мөлшері 200 миллионнан астам теңгені құрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде