Алматыда 3 жасар тастандының анасы ақыры табылды
Алматыдағы 3 жасар тастандының анасы табылды. Баланың жоғалуына жас келіншек тапсырып кеткен бала күтушіні кінәлап отыр. Айтуынша, сеніп тапсырған күтуші ешбір ескертусіз баланы тәртіп сақшыларына апарып тапсырған. Естеріңізде болса, бейімдеу орталығында жатқан Бағдан есімді балақайдың анасы іздестірілетіні туралы көрсеткен болатынбыз.
Автор: Аида Мағыпар
16.01.2018
Жанна, Бағданның анасы:
-Мен баламды күтушіге қалдырып кеткен едім. Ол кісімен әр кез байланысып тұрдым. Алайда ол баланы тәртіп сақшыларға беріп тастағаны туралы ештеңе айтпады. Тек кел! баланың қалы жақсы бала менде деді.Тіпті менің ауруханада жатып емделіп жатқанымды да білді.
Бала күтушісі баланы тәртіп сақшыларына тапсыруына уақытылы төленбеген ақша себеп екен. Баласы аман-есен деп бейқам ауруханада емделіп жүрген ол, Бағданның бейімдеу орталығында жатқаның кездейсоқ құрбысынан естіген. Тіпті, ауруханадан аңықтама қағазын да алмай бірден баласына келген. Алайда, әлеуметтік мекемеден балақайды алып кету үшін 2 аптадай уақыт керек болды. Себебі , жалғыз басты анаға Бағданды асырай алады деген барлық құжаттар болуы тиіс. Баланы анасына табыстағаны мен олар біраз уақыт қадағалауда болмақ.
Райса Сейполда, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының міндетін атқарушы:
-Енді анасына баланы беріп отырмыз. Бостандық ауданының қамқоршы жаңағы меңгерушісін шақырып отырмыз. Енді қадағалауға сол кісілер алады, баланы да анасын да...иә арғы жұмысты енді сол ткісілер жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!