Бақытжан Сағынтаев жекешелендіру науқанына министрлердің басымен жауап беретінін қатаң ескертті
Ақпаратты мида ұстау керек! Бүгін Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министріне осындай ескерту жасады. Ал премьердің ашуын туғызған жекешелендіру ісінің қожырап кетуі. Бүгін Үкіметте есеп берген Тимур Сүлейменов тіпті, Сағынтаевтың қарапайым сұрағына жауап бере састы. Незігі Сүлейменов қана емес, мемлекеттік нысандарды жеке қолға беру ісін жауапты шенеуніктердің барлығы созбалаңға салып жіберген.
Автор: Досжан Маратұлы
16.01.2018
Бақытжан Сағынтаев бүгін тым ашулы. Министрлер кабинетін тегіс жинап, жиын өткізген ол қол астындағыларды бір сыбап алды. Бұған себеп жоқ емес. Шенеуніктер мемлекеттік нысандарды сату ісін тым созбалаңға салып жіберген. Оның үстіне Ұлттық экономика министрлігі зауыт, квазимемлекеттік компаниялар мен түрлі мекемелерді бәсекелес ортаға беріп, санын азайтудың орнына тізімге тағы жаңа нысандарды қосып қойыпты. Бұл премьерді тіптен ашуландырып жіберді.
-Я спрашиваю: новые появились или нет?-Да Бахытжан Абдирович добавили новые 168 обектов.
–Я спрашиваю новые созданные обекты есть? Мы инвентаризацию завершили, перечень объявили. Почему новые появляются? Мы же будем бесконечно так работать.
Бірақ, премьердің қаһарына іліккен Тимур Сүлейменов жауап бере алмай кібіртіктеп қалды. Қосымша ақпаратты қоластындағылардан сұраймын деп құтылмақ болған еді, Сағынтаев тағы тыйып тастады.
-Бакытжан Абдировия можно предоставить подробную справку позже..
-Вы пришли сегодня с докладом. В голове надо держать, а не у своих подчиненных спрашивать, требовать справку. Поэтому и получаются у вас новые предприятия: потому что нет никакого контроля. Абсолютно.
Оның үстіне мемлекеттің меншігіндегі компания, зауыт, фирмаларды жеке қолға өткізу ісі кестеден қалып қойған. Әрі жекешелендіру өткізудің ереже, талаптары өрескел бұзылыпты. Бірақ, шенеуніктер бұған мемлекеттік нысандарды сату бойынша аукцион өткізетін мекемелерді кінәлап отыр.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:
-Мысалы, науқан аясында сатылымға қойылған нысан әрбір 20 күн сайын аукционға шығарылуы тиіс. Бірақ, мұндай ережелер көбінде сақталмайды. Әрі бағалау жұмыстары да кеш жүреді. Сәйкесінше жекешелендіру уақытында жүрмейді.
Биыл елімізде қанша нысан сатылымға шығарылатыны белгісіз. Тізімді Ұлттық экономика министрлігі әзірлеуі тиіс. Ал, былтыр елімізде 200-ге жуық нысан жеке қолға өтіпті. Сөйтіп, бюджетке 108 миллиард теңге түскен. Сондай-ақ, биыл күзден бастап «Эйр Астана» мен «Қазатомпром» секілді алпауыт компаниялардың үлесі де халықтық IPO арқылы сатылмақ. Әрі еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыттарының активтері де саудаға салынатын болды. Бірақ, оның нақты мерзімдері белгісіз.
Сондай-ақ премьер жекешелендіру ісіне атүсті қарамауға кеңес берді. Өйткені, нысандарды жеке қолға өткізуді жеделдету керектігін Елбасы жолдауында айтқан. Сондықтан, Сағынтаев бұған министрлердің басымен жауап беретінін қатаң ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!