{metadescription}
Үкімет зейнетақы қорына тиесілі қаржының Әзербайжан банкінде күйіп кете жаздағанын мойындады
Үкімет зейнетақы қорына тиесілі қаржының Әзербайжан банкінде күйіп кете жаздағанын мойындады

Үкімет зейнетақы қорына тиесілі қаржының Әзербайжан банкінде күйіп кете жаздағанын мойындады

Үкімет Біріңғай зейнетақы қорына тиесілі қыруар қаржының Әзербайжан банкінде күйіп кете жаздағанын ақыры мойныдады. Жұрт мемлекетке сеніп тапсырған 71 миллиардтан астам теңгені шенеуніктер шетелдік банкке салып жіберген еді. Әзербайжан сол берешекті қайтара алмай жүр. Осыдан кейін, біздің атқамінерлер қарызды төлеу мерзімін 15 жылға ұзартқанын да айта кетейік.

Қаржы министрі Мәжіліске Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы салық конвенциясына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын  алып келген. Осы  құжатты талқылау кезінде депутат Владислав Косарев Әзербайжан банкіне берілген Біріңғай зейнетақы қорына тиесі қаржыны да Бақыт Сұлтанвотың есіне салды. Өйткені, бұл жұрттың ай сайын жалақысынан қиып, қорға салып отырған ақшасы.

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

- Менің білейін дегенім, Біріңғай зейнетақы қорына тиесілі Әзербайжан банкінде қалған қаржының тағдыры не болып жатыр? Біз ол ақшаны қалай қайтарамыз? Қаржыдан айырылып қала жаздағанымыз аздай, енді қарызды төлеу мерзімін ұзарттық. Қаржылық қатынастарды реттейтін уақыт жеткен болар?

Қаржы министрі азаматтардың қартайғанда қажет болады деп жиған ақшасының күйіп кете жаздағанын мойындады. Бірақ, Үкімет әлі үмітін үзбепті. Қарызды қайтаруға мүмкіндік бар дейді Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі:

- Негізі, ол ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе несие берушілер қарызды төлеуге қарсы шыққанда, бізге қауіп төнуші еді. Қазір 250 млн долларды қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылды. Үстемақысы 3,5 пайыз.

Үкімет Әзербайжан банкіне 71 миллиардтан  астам теңгені 10 жылға  8,25 пайызбен берген. Былтыр көктемде шетелдік қаржы ұйымы қиындыққа ұшырап, қарызды қайтара алмай жатқаны белгілі болған еді. Соған байланысты біздің шешеуніктер жеңілдік жасауға мәжбүр. Амалсыз қарызды төлеу мерзімін 15 жылға ұзартып, үстемақысын 3 жарым пайызға түсіріп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде