{metadescription}
Көкшетауда дүкенді сауда орнының әкімшісі тонаған болып шықты
Көкшетауда дүкенді сауда орнының әкімшісі тонаған болып шықты

Көкшетауда дүкенді сауда орнының әкімшісі тонаған болып шықты

Жұмыс орнын тонаған! Көкшетауда дүкенге жасалған қарақшылық шабуылды осы сауда орнының әкімшісі ұйымдастырған болып шықты. Осылайша ол сейфтен бұған дейін рұқсатсыз алған 1 миллион 700 мың теңгенің орнын толтырмақ болыпты. Алдын ала келіскен екеу бетперде киіп келіп, оны әбден ұрып, тіпті пышақпен аяғын жаралаған. Қазір әкімші ұсталды, ал екі қарақшыны полиция іздеп жатыр. Олар дүкеннен 2 миллион теңге алып кеткен.

25 жастағы жігіт құрылыс материалдарын саудалайтын Көкшетаудағы сауда орнында бір жылдай ғана әкімші қызметін атқарған. Кеңесшілермен жұмыс, дүкендегі тауарларға жауап беру оның негізгі міндетіне кірген. Бірақ, оның қолында ақша,құжаттар салынған сейфтің де кілті болыпты.

Оқиға болардан екі күн бұрын жұмыс уақыты аяқталып, қызметкерлер үйлеріне кеткен кезде әкімші жігіт рұқсатсыз сейфті ашып, одан 1 миллион 700 мың теңге алған. Алғашқыда ол бұл ақшаны білдірмей орнына қоямын деп ойлапты. Сөйтіп, Көкшетаудағы букмекерлік кеңсеге барып спорт ойындарына миллион теңге тіккен. Сөйтіп, ұтылып қалған.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Бірден миллион теңге салып, пайда табамын деп ойлаған. Ұтылған соң қалған 700 мың теңгесін салады. 1 миллион 200 мың теңге ұтады. Бірақ, құмар ойынына берілген әкімші жігіт ақыры бар ақшадан айырылған. Сол жерде екі жігітпен танысыпты. Бұл екеумен дүкен тонауға да сол жерде келіскен.

Келіскен екеу дүкен жабылар уақытын күтіп сауда орнына келген. Бейнебақылау камерасында олардың жүгіріп кіріп, әкімші жігітті жерге алып ұрып тепкілеп жатқаны анық көрініп тұр. Аяусыз ұрғанымен қоймай, аяғын пышақпен  жаралаған. Арқанмен байлап тастапты. Сөйтіп, кассадан 2 миллион теңгедей ақша алып тайып  тұрыпты. Байлаулы жігіт арқаннан босап, күзет қызметіне хабар берген.

Күдікті:

-Полиция, жедел жәрдем келді. Жарақатым ауыр болған жоқ. Мен осылайша бәрін алдап қатырамын деп ойлап едім. Барлық қарызымды орнына салып қойғым келген. Кінәмді мойындаймын.

Қазір тек әкімші жігіт қана ұсталды. Екі күдікті іздестіріліп жатыр. «Қарақшылық шабуыл» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал әкімші біреудің сеніп тапсырылған мүлкін заңсыз пайдаланғаны және жалған мәлімет бергені үшін де айыпталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде