Еліміздің басым бөлігіне аяз түспек
Ауа-райын болжаушылар азаматтарға апта соңына дейін алыс жолға шықпауға және жылы киінуге кеңес береді. Ертеңнен бастап еліміздің барлық өңірінде температура қазіргіден де төмендеп, қыс қаһарына мінеді.
Автор: Сабина Мәдиқызы
17.01.2018
Тіпті кей өңірлерді қалың тұман басады. Солтүстік, шығыс, орталықпен қоса оңтүстік аймақтарда да күн аязды болады деп күтілуде. Ауа-райы апта соңына дейін қыңыр мінез танытады да, тек дүйсенбі күннің көзі ашылады дейді мамандар.
Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМҚ орталығының жетекші-инженері:
– Астанада алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Ауаның температурасы ертең 18 қаңтарда түнде 22-24 градус аяз Алматы қаласында алдағы үш күнде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түнгі сағаттарда тұман байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!