Қазақ-Қытай шекарасында жүз миллион теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді
Қазақ-Қытай шекарасында екі күнде жүз миллион теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді. Аса ірі көлемде заттарды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар Алматы облысы Алтынкөл кеден бекетінде ұсталған.
17.01.2018
Тексеру барысында халық тұтынатын тауарларға декларация толтырылмағаны анықталған. Яғни мемлекетке 20 миллион теңге көлемінде салық түспеді. Бұл оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жалпы облыс аумағында экономикалық тергеу қызметі кедендік заңбұзушылық бойынша былтыр 47 істі сотқа жіберген. Нәтижесінде 925 миллион теңгенің тауары тәркіленіпті.
ЖАҚСЫЛЫҚ МЫРЗАХАН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:
- Жүргізілген жедел іздестіру барысында бұл экономикалық контрабандалар яғни қандай да бір құжаттарда тауарлардың санын аздап көрсеткендігі анықталды. Яғни, егер олардың бірге алып жүрген құжаттарындағы тауардың саны аз болса, нақты түрде өткізу пунктынан өткізіп жатқан тауарлардың саны одан 2 есе немесе 3 есе көптігі анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!